«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 Шілде, 2023


🤝Бүгін – Қазақстанның сауда қызметкерлері күні. Кассирлер, сатушылар мен сауда нүктелерінің иелері дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бүгінде сауда саласында 1,5 миллионға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Бұл саланың 40%-ға жуығын жеке кәсіпкерлер құрайды, бұл шағын және орта бизнестің, жалпы ел экономикасының жағдайына оң әсер етеді.

 

Сауда саласында жұмыс істейтін таныстарыңыз болса, оларды құттықтап қойыңыз! 

🐋Бүгін экологтар Дүниежүзілік кит пен дельфин күнін атап өтеді. Киттер мен дельфиндер ең ақылды әрі ең сүйкімді жануарлардың бірі. 1982 жылы 23 шілдеде Халықаралық кит аулау комиссиясы бұл жануарлардың жойылу қаупі бар жағдайды апатты деп танып, киттерді аулауға және кит етінің саудасына тыйым салды. Өкінішке қарай, Жапония мен бірнеше ел рұқсат етілген «киттерді ғылыми мақсатта аулауды» пайдаланады және мейрамханалар әлі де кит етін ұсынады.

 

Сіз осындай гуманитарлық бастамаларды қолдайсыз ба?

💫2016 жылдың 23 шілдесінде Германияның Швайнфурт қаласында тоғызқұмалақтан Еуропа чемпионаты өтті. Чемпионатқа Германия, Франция, Греция, Швейцария, Испания, Ресей, Чехия және басқа да елдерден спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасының мүшелері халықаралық турнирге қатысып, шетелдік спортшыларға шеберліктерін шыңдап, жаңа тәжірибе жинақтауға көмектесті. Айта кетейік, Астана, Түркия мен Чехияда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өткен болатын.

 

Ал сіз ұлттық спорттың қай түрін ұнатасыз?

🎬2021 жылдың 23 шілдесінде Еркебұлан Дайыров Канн дүниежүзілік кинофестивальінде Азияның үздік актері атанды. Ол сыйлықты «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін алды. Бұл қазақстандық фильм Түркия мен Ресейде өткен кинофорумдарда көптеген марапатқа ие болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров «Үйге апарар жол», «Шлагбаум», «Анаға апарар жол», «Тараз», «Әмре», «Балуан Шолақ», «Томирис» және т.б фильмдердегі рөлдерімен де танымал.