«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 июля, 2024


🐋Бүгін экологтар Дүниежүзілік киттер мен дельфиндер күнін атап өтеді. Бұлар әлемдегі ең ақылды әрі ең сүйкімді жануарлардың бірі. 1982 жылы 23 шілдеде Халықаралық кит аулау комиссиясы аталмыш жануарлардың жойылу қаупі бар жағдайды апатты деп танып, киттерді аулауға және кит етінің саудасына тыйым салды. Өкінішке қарай, Жапония мен бірнеше ел рұқсат етілген «киттерді ғылыми мақсатта аулауды» пайдаланады және мейрамханалар әлі де кит етін ұсынады.

 

Сіз осындай гуманитарлық бастамаларды қолдайсыз ба?

 

 

🧠2016 жылдың 23 шілдесінде Германияның Швайнфурт қаласында тоғызқұмалақтан Еуропа чемпионаты өтті. Чемпионатқа Германия, Франция, Греция, Швейцария, Испания, Ресей, Чехия және басқа да елдерден спортшылар төбе көрсетті. Қазақстан құрамасының мүшелері халықаралық турнирге қатысып, шетелдік спортшыларға шеберліктерін шыңдап, жаңа тәжірибе жинақтауға көмектесті. Айта кетейік, Астана, Түркия мен Чехияда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өткен болатын.

 

Ал сіз ұлттық спорттың қай түрін ұнатасыз?

 

👍2021 жылдың 23 шілдесінде Еркебұлан Дайыров Канн дүниежүзілік кинофестивальінде үздік азиялық актер атанды. Ол сыйлықты “Күнбағыс” фильміндегі рөлі үшін алды. Бұл қазақстандық фильм Түркия мен Ресейде өткен кинофорумдарда көптеген марапатқа ие болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров “Үйге апарар жол”, “Шлагбаум”, “Анаға апарар жол”, “Тараз”, “Әмре”, “Балуан Шолақ”, “Томирис” және т.б фильмдердегі рөлімен де танымал.

👥23 шілде — атақты екі актердің туған күні. Бүгін америкалық  актер, продюсер және драматург Вуди Харрельсон 63 жасқа толды. Өнер иесі Эмми сыйлығының иегері, сондай-ақ үш мәрте “Оскарға”, төрт мәрте “Алтын глобус” сыйлығына үміткер болды. “Аштық ойындары”, “Zомбилэнд: бақылаудағы атыс”, “Веном 2” фильмдерімен танымал. Сонымен қатар бүгін британдық театр, кино және теледидар актері әрі продюсері Дэниел Рэдклифф 35 жас мерейтойын атап өтеді. Ол көпшілікке Дж.К.Роулингтің шығармалары желісінде түсірілген Хәрри Поттер фильміндегі рөлімен танымал. 2009 жылы Гиннестің рекордтар кітабына онжылдықтағы ең көп жалақы алған актер ретінде енгізілді. Киноға қосқан үлесі үшін Калифорниядағы Голливуд Даңқ аллеясындағы жұлдызды алды.

Сізге кім көбірек ұнайды, Вуди Харрелсон немесе Дэниел Рэдклифф?