«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 сентября, 2023


👀23 қыркүйекте БҰҰ бастамасымен Халықаралық ым-ишара күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – есту қабілеті бұзылған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудағы осы тілдердің рөлін атап өту. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дүние жүзінде 70 миллионнан астам саңырау бар. Олар бір-бірімен сөйлесу үшін 300-ден астам түрлі ымдау тілін пайдаланады. Білетіндер аз, бірақ қазақ саңыраулар қоғамының өз әнұраны бар. Ол қазақ тілінде және ымдау тілінде орындалады.

🤔Бүгін күздегі күн мен түннің теңелу күні аталып өтеді. Бұл — астрономиялық құбылыс. Мұнда күн солтүстіктен оңтүстік жарты шарға ауысады. Айта кету керек, экватордан оңтүстікке қарай бұл күн мен түннің теңелуі көктем, ал 20 наурыз — күз. Жапонияда күн мен түннің теңелуінде мемлекеттік мерекелері аталып өтеді. Ал бірқатар елде бұл күн Наурыз мейрамы сияқты жаңа жылдың басы болып есептеледі.

Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?

👍2008 жылдың 23 қыркүйегінде Android операциялық жүйесі іске қосылды. Бұл операциялық жүйенің алғашқы телефоны NTS Dream болды. 15 жыл ішінде GOOGLE Android операциялық жүйесінің 14 нұсқасын және 40-тан астам жаңартуды шығарды. Мобильді құрылғылар мен электронды гаджеттерге арналған операциялық жүйенің танымалдылығы соншалық, 2021 жылы Android құрылғыларының саны 3 миллиардтан асты.

Сізге қай жүйе ұнайды: Android немесе iOS?

🥳23 қыркүйек екі танымал тарихи тұлғаның туған күні. Біздің дәуірімізге дейінгі 63 жылы Рим империясының бірінші императоры, Юлий Цезарьдың асырап алған ұлы Октавиан Август дүниеге келді. Ол 13 рет консул қызметін атқарды және трибуналық өкілеттіктерге ие болды. Ол ұлы понтифик болды және «Отан Әкесі» құрметті атағын алды. Оның билігі тұсында Римнің кең тараған қала мемлекетінен жаңа қалыптасып келе жатқан бюрократиясы бар әлемдік державаға айналуы аяқталды. Сонымен қатар 1215 жылы Шыңғыс ханның немересі, Моңғол империясының соңғы ұлы ханы Құбылай дүниеге келді. 1271 жылы Құбылай қазіргі Моңғолия, Қытай және Кореяны басқаратын Юань әулетін құрды. Ұлы хан атағы үшін күресте азаматтық соғыста Алтын орда қолдаған інісі Арық-бұғыны жеңді. Бұл эпизод Моңғол империясындағы билік дағдарысының басталуына әкелді.