🌟Бүгін өте қызықты күн. Себебі 23 желтоқсан адамның ішкі жарығын сезінуге арналған ерекше мереке аталып өтеді. Бұл — ақыл-парасаттылық, жанашырлық, адалдық, ізденіс сынды құндылықтарға тікелей бағытталған. Меркенің діни жоралғыларға ешқандай қатысы жоқ. Жай ғана адамның ішкі нұрын сезініп, оны бағалауға мүмкіндік береді. Уильям Шекспирдің: «Сұлулыққа ғашық бола аласыз, алайда шынайы махаббат тек — ішкі жан дүниеде” деген әлемге әйгілі дәйексөзі бар. Расында да, адамның ішкі жарығына үңілу арқылы оның ерекшелігін сезініп, танып-білуге болады.
Шырағыңыз ешқашан сөнбесін!
☁️23 желтоқсан — Дүниежүзілік сноуборд күні. Бұл мерекені қарлы әрі таулары бар 40-тан астам ел атап өтеді. Аталмыш күні тау шаңғысы курорттарына кіру тегін. Сонымен қатар жаңадан бастаушыларға бірнеше сабақ алуға мүмкіндік бар. Мерекеде акция ұсынатын бірнеше компания, спорт мектептері, спортты дамытуға қызығушылық танытатын жандар бас қосады. Мамандандырылған демалыс орындарында концерттер өткізіліп, жаңадан келушілерге сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ түрлі ойын-сауық жарыстары ұйымдастырылады. Еліміздің де тау шаңғысы курорттары алдағы уақытта мереке қарсаңына орай қазақстандықтар үшін бір күнді тегін пайдалануға береді деп үміттенеміз.
Сізге қай спорттық құрал ұнайды: сноуборд немесе шаңғы тебу?
🫂23 желтоқсан бажалар күні аталып өтеді. Бұл мерекені кімнің және қашан ойлап тапқаны белгісіз. Мәселен, жаңа жыл кезінде немесе басқа да мереке қарсаңында бажасымен бас қосқанды ұнататын адап ойлап табуы мүмкін.
Ендеше бажаларыңызды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
👥23 желтоқсан өмірге келген танымал қазақстандықтар. 86 жыл бұрын композитор, Қазақстанның Халық әртісі және жүздеген симфониялық шығарманың авторы Мыңжасар Маңғытаев (1937-2011) дүниеге келді. Эстрада-цирк колледжі оқытушысының таланты мен қарым-қабілеті «Қозы мен Баян» балетінен, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларынан, «Шексіз махаббат» ораториясынан айқын көрініс тапты. Композиторлар одағының жауапты хатшысы өмірінің соңғы жылдары Қадыр Мырзалиевтің либреттосындағы «Отырар шайқасы» операсын дайындады. Бұл оның алғаш рет жасаған көлемді музыкалық шығармасы еді. Алайда оның қойылымын сахналай алмады. Сондай-ақ бүгін жеңіл атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Шишигина 55 жас мерейтойын атап өтеді. Спортшы мансап жолында көптеген марапатқа ие болып, бірнеше рет рекорд орнатты. Ал 2000 жылы олимпиаданың алтын медалін жеңіп алып, 100 метрлік кедергілерді жүгіріп өту бойынша әлем чемпионы атанды. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ол саясатқа бет бұрды.
Қазақстандықтардың арасында тағы кім жеңіл атлетикадан Олимпиада алтынын жеңіп алды?