«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 Ақпан, 2023


☑️ 107 жыл бұрын Торғай даласында жазалаушы патша әскерлеріне қарсы ең күрделі әрі шешуші шайқастардың бірі – Доғалдағы соғыс болды. Мұнда басшы Амангелді Имановпен бірге, Атамбеков Ыбырай және Кейкі Күкімов те ерлік көрсетті. Бұл оқиға 1916 жылғы Орта Азия көтерілісі кезінде Торғай көтерілісшілерінің Ресей империясының әскерлеріне қарсы соңғы қақтығысы болды.

☑️ Ақпан айының соңғы жұмасы – Халықаралық қысым көрсетуге қарсы күрес күні. Бұл – мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста – қоғамдық қудалау мен қорлауға ұшыраған құрбандарға арналады. Сырттай немесе іштей айналасындағылардан ерекшеленетін, мінезі жұмсақ адамдар көп жағдайда қысымға түсіп жатады. Моральдық қорлау – физикалық мәжбүрлеу сияқты зорлық-зомбылықтың бір түрі. Сол себепті бұл күннің мақсаты – физикалық әрі эмоционалдық қысымға ұшыраған құрбандарға қолдау көрсету.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

☑️ Бүгін – лотереяның пайда болған күні. «Лотерея» атауы франктердің «hlot» – «лот» сөзінен шыққан. Содан соң ағылшынның «лот» – «үлесі» болып өзгерді. 1466 жылы 24 ақпан Бельгияның Брюгге қаласында жесір суретші Ян ван Эйк ұйымдастырған алғашқы сурет лотереясы өтті. Аталмыш лотерея күйеуінің қайтыс болғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шарадан түскен қаражаттың негізгі бөлігі қаладағы кедейлерге арналған қайырымдылық көмек болды. Ойын тарихындағы ең үлкен сомадағы джекпот 640 миллион доллар болды. Ұтыс ойынын американдық Mega Millions компаниясы жүргізді.

 

Сіз лотереяда ұтып көрдіңіз бе?

☑️ 24 ақпан өмірге келген танымал адамдар. 68 жыл бұрын американдық кәсіпкер, өнертапқыш және өнеркәсіптік дизайнер – Стивен Джобс (1955-2011) дүниеге келді. Apple негізін қалаушылардың бірі ақпараттық технологиялар дәуірінің пионері болып саналады. Ол қазіргі таңда біз қолданып жүрген көптеген инновациялық және концептуалды электронды құрылғыларды ойлап тапты. 

Сонымен бірге бүгін үлкен ареналарда ешқашан жеңіліп көрмеген американдық боксшы – Флойд Мейвезер 46 жасқа толды. Кәсіпқой рингте ол 50 жекпе-жек өткізіп, 50 мәрте жеңіске жетті. Ал оның 27-сін нокаутқа түсірді. 2013 жылы ол Сауль «Канело» Альваресті жеңді. Боксшының лақап аты – «Ақша». Флойдтың байлығы 1 миллиард доллардан асады. Тек Конор МакГрегормен жекпе-жек үшін 350 миллион, Мэнни Пакьяомен жекпе-жек үшін 300 миллион табыс тапқан.

Сіз қандай Apple өнімдерін пайдаланасыз?