«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 января, 2024


🤩 24 қаңтар Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық білім күні аталып өтеді. Білім алу – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген. Мұнда әрбір жан бастауыш білімді тегін алып, мемлекеттен бөлінетін жоғары білімге қол жеткізе алады. 2023 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 77 болса, оқушылардың 83 пайызы шекті баллға қол жеткізді. 75 пайызы қазақ тілінде тест тапсырды. 

Қазақстанда білім беру сапасын арттыру үшін не істеу керек?

☹️ Бүгін — Мебиус синдромы туралы хабардар ету күні. Ол тұқым қуалау жолымен берілетін әрі сирек кездесетін генетикалық патологияға арналған. Бұл синдром 1888 жылы алғаш рет жағдайды сипаттаған неміс невропатологы Пол Юлиус Мобиустың есіміне орай алынды. Өте сирек кездесетін туа біткен неврологиялық бұзылыс бет параличімен сипатталады. Атап айтқанда, мимиканың толық болмауымен негізделеді. Мұндай жағдайда адам күле алмайды, қабағын түйе алмайды, мұрнына әжім түседі және т.б.

🤭 Бүгін балмұздақ әуесқойлары халықаралық эскимо күнін атап өтеді. 1922 жылы 24 қаңтарда америкалық Кристиан Нельсон эскимоға патент алды. Ол кілегейлі балмұздақтың бір бөлігін шоколадпен жабу идеясын ойлап тапты. Оны “Эскимо бәліші” (Eskimo Pie) деп атады. Заманауи түрінде ағаш таяқшадағы эскимо 1934 жылы пайда болды. Сонымен қатар ол — жаз мезгілінің символы. Оны көптеген мемлекеттің тұрғындары ерекше жақсы көреді. Сол себепті күні бүгінге дейін танымалдылығын жоғалтпай келеді әрі жоғары сұранысқа ие. 

 

Сізге попсикл немесе шыныаяқ көбірек ұнай ма?

🤭 24 қаңтар — Дүниежүзілік күлкі күні. Ешбір нәрсе адамның жүзіндегі күлкі секілді қиындықтарды еңсеріп шығуға көмектеспейді. Сонымен қатар көңіл күйдің көтеріңкі болуы күлкі сияқты жағымды әсер береді. Ол қан тамырларын кеңейте отырып, қан айналымы жүйесін белсендірек жұмыс істеуге көмектеседі. Адамның күлкісі жүзіңізді қызартып қана қоймай, сонымен қатар бақыт гормоны — эндорфинді бөледі. 

Бүгінгі көңіл күйіңіз жақсы болсын!