«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 января, 2025


✍️24 қаңтарда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық білім күні аталып өтеді. Білім – әр адамның ажырамас құқығы, бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген. Мұнда әрбір жан бастауыш білімді тегін алып, мемлекеттен бөлінетін жоғары білімге қол жеткізе алады. 2024 жылғы ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл 68 болды. Ал оқушылардың 76%-ы шекті балға қол жеткізді. Олардың 75 пайызы қазақ тілінде тест тапсырды. 

⚡️Бүгін — Мебиус синдромы туралы хабардар ету күні. Ол тұқым қуалау жолымен берілетін әрі сирек кездесетін генетикалық патологияға жатады. Бұл синдромды алғаш рет 1888 жылы неміс невропатологы Пол Юлиус Мобиус сипаттап жазған. Аса сирек кездесетін бұл туа біткен неврологиялық бұзылыс бет жүйкесінің салдануымен ерекшеленеді, яғни адамның бет бұлшықеттері мүлдем қимылсыз қалады. Салдарынан адам күле де, қасын түйе де, мұрнын тыжырайта да алмайды.

🍦Бүгін балмұздақ әуесқойлары халықаралық эскимо күнін атап өтеді. 1922 жылы 24 қаңтарда америкалық Кристиан Нельсон эскимоға патент алды. Ол кілегейлі балмұздақтың бір бөлігін шоколадпен жабу идеясын ойлап тапты. Оны “Эскимо бәліші” (Eskimo Pie) деп атады. Заманауи түрінде ағаш таяқшадағы эскимо 1934 жылы пайда болды. Сонымен қатар ол жаз мезгілінің бір белгісі ретінде саналды. Оны көптеген мемлекеттің тұрғындары ерекше жақсы көреді. Сол себепті күні бүгінге дейін танымалдығын жоғалтпай келеді әрі жоғары сұранысқа ие. 

 

Сізге қай балмұздақ ұнайды: эскимо немесе шыныаяқ құтысындағы балмұздақ?

😅24 қаңтар — Дүниежүзілік күлкі күні. Кез келген қиындықты жеңіл еңсеруге және жағымсыз жайттармен күресуге күлкі мен көтеріңкі көңіл күйдей ештеңе көмектеспейді. Күлкі қантамырларын кеңейтіп, қан айналымын жақсартады. Қуанышқа бөленген адамның жүзі қызарып қана қоймай, одан бақыт гормоны – эндорфин де бөлінеді.

Ендеше бүгін баршаңызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз!