«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 ноября, 2023


👠Жыл сайын қараша айының соңғы жұмасында Black Friday немесе «Қара жұма» күні аталып өтеді. Жаңа жылға орай ұйымдастырылған мереке қарсаңында барлық тауар жеңілдікпен сатылады. Қазіргі таңда “Қара жұма” әлемдік трендке айналып үлгерді. Қазақстанда аталмыш мереке 10 жыл бұрын танымал бола бастады. Байқап қарасаңыздар, еліміздегі офлайн және онлайн интернет дүкендері осы күні арнайы акциялар ұйымдастырып, “Қара жұмаға” белсенді түрде қатысады. Сондықтан үйден шықпай-ақ қажетті тауарларыңызды сатып алуға мүмкіндік жасалған. 

 

Ендеше бүгін өзіңіз қалаған киімдерді өте арзан жеңілдікпен сатып алуыңызға тілектеспіз!

🙌Бүгін әлем ғалымдары эволюция күнін атап өтеді. Бұл күн Чарльз Дарвиннің “Табиғи сұрыпталу арқылы түрлердің пайда болуы немесе тіршілік үшін күресте оңтайлы нәсілдердің сақталуы” еңбегінің жарияланған күніне орай таңдалды. Кітапта Дарвин алғаш рет өзінің эволюциялық теориясын оқырманға кеңінен таныстырады. Аталмыш кітап эволюциялық биологияға негізделген. Ол тұңғыш рет 1859 жылы 24 қарашада жарық көрді.

 

Дарвин теориясы қаншалықты шындыққа жанасады деп ойлайсыз? 

🤗24 қараша тағы бір қызықты мереке аталып өтеді. Яғни, Достарды жеңу және адамдарға әсер ету күні. Бұл күннің таңдалуы кездейсоқ емес. 1888 жылы 24 қарашада атақты американдық психолог Дейл Карнеги дүниеге келді. Ол — “Дос табу және адамдарға ықпал ету” кітабының авторы. Соған орай бүгін Карнегидің кітаптары ерекше насихатталып, сатылымы жоғары болады. Сонымен қатар мектептер мен университеттерде жастардың әлеуметтік ортаға әсер етуіне көмектесетін тақырыптарда лекциялар, семинарлар мен пікірталастар ұйымдастырылады.

 

Дейл Карнегидің кітаптарын оқуға кеңес береміз! Себебі мұнда жеке дамуға қатысты пайдалы ақпараттар беріледі.

 

👥24 қараша — қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. 128 жыл бұрын қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалин (1895-1983) дүниеге келді. Көптеген кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері 25 поэма, 12 повесть, 9 бір актілі пьеса, әңгімелер, романдар мен ән сөздерін жазды. Оның “Сәтжан” повесі бірнеше рет басылып, әлемнің көптеген тіліне аударылды. Сондай-ақ 1954 жылы 23 қарашада таэквондодан жеті дүркін әлем чемпионы Мұстафа Өзтүрік (1954-1995) жарық дүние есігін ашты. Ол Түркиядан қоныс аударған қазақ отбасында өмірге келді. Ал 1992 жылы Қазақстан азаматтығын алды. Мұстафа Өзтүрік — түрік және қазақ таэквондо мектептерінің негізін қалаушы. Қазақстанның көптеген қала көшелері Мұстафаның есімімен аталады. Сонымен бірге Алматы облысы Бесағаш ауылында спортшының құрметіне ескерткіш орнатылды.