«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 октября, 2023


📚24 қазан — Қазақстан кітапханашылары күні аталып өтеді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, елде 10976 кітапхана бар. Онда 19476 кітапханашы жұмыс істейді. Кітапхана – адам жұмыс пен үйден басқа өзінің мәдени және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыратын «үшінші орын». Бұл — ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр.

 

Таныс кітапханашыларды білсеңіз, мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

🌱Бүгін БҰҰ күні. 1945 жылы 24 қазанда әлемдік тәртіпті сақтау үшін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы күшіне енді. Қазіргі уақытта БҰҰ құрамына 193 мемлекет кіреді. БҰҰ-ның негізгі органдары: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқоршылық кеңесі, Халықаралық Сот және Хатшылық. Сондай-ақ ЮНЕСКО, ДДҰ және т.б. сияқты экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер бойынша өзінің мамандандырылған институттары бар. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі бола отырып, БҰҰ мүшелігіне қабылданды. 

📣24 қазан — Дүниежүзілік полиомиелитке қарсы күрес күні. Бұл күн полиомиелитке қарсы алғашқы вакцинаны жасаған американдық вирусолог Джонас Салктың (1914-1995) туған күніне орай белгіленген. Жүйке жүйесін зақымдайтын және толық сал ауруын тудыратын бұл вирустық ауру 20 ғасырдың ортасында көптеген елде өршіді. Өйткені оны емдеу мүмкін емес. Жұқтырып алу қауіпі жоғары — бес жасқа дейінгі балалар. 2002 жылы ДДҰ Қазақстанды полиомиелиттен таза ел ретінде таныды. Себебі балаларымыздың 98,6 пайызы осы вирусқа қарсы вакцина алған. 

💡24 қазан тағы бір қызықты күн – бильярд әуесқойлары күні аталып өтеді. Бұл ойын ежелгі қытай мен Үндістанда пайда болды. Ал Еуропадағы алғашқы бильярд үстелі Людовик XI үшін жасалды. Содан кейін бильярд ақсүйектерге арналған міндетті білім беру бағдарламасының бөлігіне айналды. Бірте-бірте оның танымалдылығы кең етек жайды. Бірақ бильярд үстелінің көлемі мен оның қымбат болуы хобби ретінде халық арасында таралуына жол бермеді. Алайда қазіргі таңда салыстырмалы түрде оның бағасы қолжетімді болғандықтан, осы тамаша мерекені тойлайтын орындар жеткілікті. 

Егер таныс бильярд әуесқойларын білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз.