«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 мая, 2025


🌝Бүгін — Дүниежүзілік бейнеойындар күні. 1972 жылы 24 мамырда теледидарға жалғап, үйде қолдануға болатын алғашқы Magnavox Odyssey ойын приставкасы таныстырылды. Бұл оқиға бейнеойындар дәуірінің бастамасы болды. Бүгінде бұл ойын түрінің миллиондаған жанкүйері бар. Бейнеойындар нарығының айналымы 1 миллиард долларды құрайды. Ал әлем чемпионаттарындағы жүлде қоры ондаған миллион доллардан асады. Қазіргі таңда көптеген елде киберспорт қауымдастығы бой көтеріп үлгерді. Оның ішінде Қазақстан да бар.

 

Егер сіз киберспортқа қызығушылық танытсаңыз,комментарийге жаза кетіңіз. Алдағы уақытта осы жайлы ақпаратты толығырақ тарқатып айтамыз.  

 

👀24 мамыр — Дүниежүзілік шизофрениямен күрес күні. Ғалымдар оның пайда болуын генетикалық бейімділікпен, ми жарақатымен және стресспен байланыстырады. Өкінішке қарай, әлемде жыл сайын психикалық аурулар саны артып келеді. Бүгінде Қазақстанда 300 мыңнан астам азамат психиатриялық науқастардың есебінде тұр. Олардың көпшілігі шизофрениямен ауырады. Бұл күннің мақсаты — шизофрения мәселесіне назар аудару және олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.

🗣1956 жылы 24 мамырда Швейцарияда әлемдегі ең танымал бірінші музыкалық «Евровидение» ән байқауы өтті. Швейцарияда бастау алған бұл музыкалық жарыс бүгінде әлемдегі ең танымал шоу бағдарламалардың біріне айналды. Қазір байқаудың теледидар арқылы көрермені 600 миллион адамға дейін жетеді. Байқауға тек Еуропа елдері ғана емес, басқа құрлықтардағы елдер де қатысады. Дәл осы сахна арқылы ABBA, Шыңғысхан, Селин Дион сынды жұлдыздар танымал болды. 

Жарыстағы жеңіс саны бойынша рекорд орнатқан мемлекеттер — Ирландия мен Швеция. Олардың әрқайсына 7 жеңістен тиесілі.

 

Биылғы “Евровидение” жеңімпазы кім екенін білесіз бе?

👥24 мамыр — қос тұлғаның туған күні. Бүгін ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 37 жасқа толды. Ол екі салмақ дәрежесінде төрт мәрте әлемдік рекорд орнатқан. 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болды. Бірақ допинг қолданғаны үшін марапаттарынан айырылды. Сонымен қатар бүгін әнші әрі композитор Димаш Құдайберген 31 жасын атап өтеді. Өнер иесі — “Жас қанат — 2012” және “Славян базары — 2015” музыкалық байқауларының жеңімпазы. Қытайдағы танымал “Singer” шоуының және америкалық The World’s Best таланттар шоуының қатысушысы. Сондай-ақ көптеген музыкалық марапаттардың иегері. Димаштың әндерін әлем халқы сүйіп тыңдайды. Сондықтан оның жан-жақта көрермендері бар әрі Қазақстанның негізгі визит картасы екені жасырын емес.

Сізге Димаштың қай әні ұнайды?