«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 июня, 2023


👀24 маусым — Сезім күні. Адамның бойында алты сезім мүшесі бар, олар — көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсік және тепе-теңдік сақтау. Бұл сезімдерію айналамыздағы әлемді шарлауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш күннің мақсаты — бес сезім мүшесін дамыту арқылы алтыншы сезім мүшесінің оянуына жол ашу. «Алтыншы» сезім дегеніміз: болашақты немесе өткен шақты көре білу, басқа адамның ойын немесе ол туралы ақпаратты оқу және т.б.

 

Ал сіз адамның «алтыншы» сезім мүшесі бар екеніне сенесіз бе?

🎠53 жыл бұрын Алматы циркінің ұжымы құрылды. 1970 жылы 24 маусымда Самарада Алматы, Мәскеу, Саратов қалаларындағы цирк училищелерінің түлектері бас қосқан жас ұжым алғашқы қойылымын көрсетті. Елімізде цирк өнерінің дамуы осылай басталды. 1972 жылы Алматының көрікті жеріне айналған Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараты ашылды. Қазір қазақ циркі өнердің өзіндік мәдени қабаты ретінде белсенді дамып келеді. Оның беделі халықаралық ірі фестивальдер мен байқаулардағы жоғары марапаттармен расталады.

 

Қазақтың цирк әртісінің қайсысын білесіз? 

🤧Маусымның соңғы сенбісінде аллергиямен ауыратындар Халықаралық Амброзияға қарсы күнін атап өтеді. Амброзия тозаңы аллергияға, астмаға, ринитке және басқа респираторлық ауруларға бейім адамдардың бойында теріс реакция тудырады. Қазақстанда жусан мамыр айында пайда болып, қазан айының соңына дейін гүлдейді. Бұл өсімдік өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақты ылғал мен қоректік заттардан айырып, ауыл шаруашылығына да үлкен зиян келтіреді. Күнді өткізудегі мақсат – адамдар үшін де, экожүйе үшін де қауіпті осы арамшөппен күреске қоғамның назарын аудару.

 

Сізге жусан иісі ұнай ма? 

👥24 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін қазақ әдебиетінің сыншысы Сейіт Қасқабасовтың туғанына 83 жыл толды. Ол фольклор жанры мен эпикалық шығармашылық теориясы саласында терең зерттеулер жүргізіп, көптеген еңбегін жариялады. Оның 1930 жылдардағы әділетсіз қуғын-сүргінге ұшыраған Алашорда қайраткерлерін ақтаудағы сіңірген еңбегі ерекше. Сондай-ақ бүгін футбол тарихындағы үздік ойыншы Лионель Месси 36 жасқа толды. Футболшы жеті дүркін «Алтын доп», алты дүркін «Алтын бутсы» иегері. Биыл Forbes журналы Мессиді 130 миллион доллар табысын негізге ала отырып, өткен жылдың әлемдегі ең жоғары жалақы алған спортшысы деп таныды. Әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін ол еуропалық футболдан кетуге шешім қабылдап, Дэвид Бекхэм клубында ойнайтын АҚШ-қа көшті.

 

Месси немесе Роналду сізге кім ұнайды?