«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 Наурыз, 2023


🦠Бүгін – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. 1882 жылы 23 наурызда Роберт Кох аурудың қоздырғышы болып табылатын таяқшаны тапты. Осы еңбегі үшін ол Нобель сыйлығына ие болды. Туберкулез – жұқпалы ауру әрі өлім-жітімге әсер етіп жатқан басты қозғаушы күш. Жыл сайын аталмыш аурудан дүниежүзінде шамамен 1,5 миллион адам қайтыс болады. Аурудың өршуіне дұрыс тамақтанбау, темекі, алкоголь, есірткі тұтыну, нашар жұмыс орны мен нашар тұрмыстық жағдай, сондай-ақ кейбір созылмалы аурулар ықпал етеді. Соңғы 20 жылда Қазақстанда туберкулез ауруы 4 есеге азайды.

 

Ауырмаңыздар және салауатты өмір салтын ұстанып жүріңіз! 💌

😫24 наурыз – Халықаралық депрессия күні. Бұл күйді алғаш рет Гиппократ сипаттап, оған меланхолия деген атау берді. Адамның аталмыш жағдайда көңіл күйі болмайды әрі ұйқысыздық, тамақтан бас тарту, алаңдаушылық пен ашуланшақтыққа тап болады. Психикалық бұзылыстың негізгі себебі: адам бойында бақыт гормондары болып саналатын – серотонин мен дофаминнің болмауы. Депрессияға ұшыраған адам үшін отбасы мен достарының қолдауы өте маңызды. Нақтырақ айтсақ, әңгімелесу, шынайы қызығушылық танытып, ақыл-кеңес беру адамның депрессиядан шығуына көмектеседі. 

 

Барлық оқырманға әрдайым жақсы көңіл күй тілейміз! Ұсақ-түйекке ренжіп, ашуға бой алдырмаңыз! 🤩

💅Бүгін – маникюр шеберлерінің  кәсіби мерекесі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл кәсіп түрі шын мәнінде табандылықты, ұқыптылықты және шығармашылықты талап етеді. Ежелгі Римде, Греция мен Мысырда маникюр адамның әлеуметтік мәртебесі мен байлығын көрсетті. Ал бүгінгі таңда бұл кәсіп кез келген адам үшін қолжетімді. Есіңізде болсын, жақсы күтім көрсетілгкн қолдар мен тырнақтар адамға сенімділік береді.

Егер бүгін маникюр жасатуға барсаңыз, өз шеберіңізді мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 💃

👥 24 наурыз қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. Бүгін суретші, сәулетші, Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының авторы – Жандарбек Мәлібеков 81 жасқа толды. 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері байқауында 245 жұмыстың ішінен өнер иесінің жобасы жеңіске жетті. Ол Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 

80 жыл бұрын ақын-жазушы – Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) дүниеге келді. Ол көптеген поэзиялық жинақтың авторы. Одан бөлек проза да жазған. Жазушы – Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың, сондай-ақ Шешен Республикасының Жоғары мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері.

Рафаэль Ниязбековтің қай шығармасы ұнайды?