«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 июля, 2023


😊Бүгін — Халықаралық өзін-өзі күту күні. Сіз өзіңіздің физикалық жай-күйіңізге ғана емес қамқорлық жасауыңыз керек екенін түсінуіңіз керек. Өйткені психикалық тепе-теңдік те маңызды рөл атқарады. Жақсырақ нәтижеге жету үшін эмоционалдық, мотивациялық, когнитивті және ерікті сияқты салаларға назар аудару қажет. Бұл күннің мақсаты – денсаулықты сақтаудың бірден-бір жолы – аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат өзіңізге күтім жасау екенін еске салу. Сол себепті 24.07 күн таңдалды.

Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және деніңіз сау болсын! 

2010 жылы 24 шілдеде Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Прагада өткен XIV Дүниежүзілік фестивальде бас жүлдені жеңіп алды. Қазақстандық команда «Үздік театрландырылған декорация және қуыршақ дизайны» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Қуыршақ өнері байқауына барлығы 217 өтінім берілгенімен, әлемнің 27 елінен 38 үміткер қатысуға рұқсат алды. Алматылықтар «Қаңбақ шал» ертегісі бойынша қойылым қойып, көрермендерді таңқалдырды. Қуыршақтардың өзіндік декорациясы мен дизайнын театрдың бас суретшісі Евгений Яшнев жасаған.

 

Сіз соңғы рет қуыршақ театрына қашан бардыңыз? 

☕️Бүгін еритін кофенің пайда болған күні. 1938 жылы 24 шілдеде швейцариялық химигі Макс Моргенсталер Nescafe брендімен жұртшылыққа жаңалық ұсынды. Сарапшылар дәмін ұнатпады. Сол себепті екінші дүниежүзілік соғысқа дейін кофе ұнтағы сұранысқа ие болмады. Бірақ окоптағы соғыс кезінде жауынгерлер алғаш рет сусынның дайындалу жеңілдігі мен қуаттандыратын қасиетін жоғары бағалады. Бүгінгі таңда адамдардың жартысынан көбі еритін кофе сатып алуды жөн көреді. Әлемде 5 минут сайын миллионға жуық адам бір шыныаяқ кофе ішеді.

 

Сізге қандай кофе ұнайды: ерітілген немесе ұнтақталған? 

👥24 шілде екі танымал адамның туған күні. Бүгін қазақ шахматшысы, көзі нашар көретіндер арасындағы әлем чемпионы Марат Жүнісов 57 жасқа толды. Көптеген кәсіби және мемлекеттік наградалардың иегері Қазақстанның ең мықты бес шахматшысының бірі. Оның есімі Қазақ спортшылар энциклопедиясына енгізілді. Сонымен қатар бүгін американдық актриса, әнші, биші, сәнгер, продюсер әрі іскер әйел Дженнифер Лопес 54 жасқа толды. Ол өз заманының ең табысты әншілерінің бірі және ең жоғары жалақы алатын Голливуд актрисасы. Өзінің танымалдылығын сәтті J.Lo сән брендіне айналдыра алған дарынды іскер әйел — сонымен қатар шоу-бизнес әлемінде ең бай әйелдердің бірі және әлемдегі ең ықпалды испандық адамдардың бірі. Дүниежүзінде оның 75 миллионнан астам жазбалары сатылды.

Дженнифер Лопес сізге әнші немесе актриса ретінде ұнай ма?