👂24 тамыз — Халықаралық оғаш музыка күні. Бұл күннің мақсаты — музыканттар мен композиторларды жайлы аймақтан шығарып, басқа да жанр мен стильдер бойынша тәжірибе жасап көруге ынталандыру. Сондай-ақ тыңдаушыларды радио немесе теледидардан әлі естімеген ерекше музыкамен таныстыру. Мұндай музыка әсем құбыластарға ерекше ден қойып, қабылдау еркіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Адамға қалыптасқан стереотиптерден бас тартуға көмектеседі.
Сіз қандай музыканы тыңдауға кеңес бересіз?
👨🏫24 тамыз күні тарихта екі қайғылы оқиға орын алды. 79 жылы Везувия жанартауы атқылап, Помпей, Геркуланум, Стабия қалаларының және бірнеше шағын ауылдың жойылуына әкелді. Атқылаудың күшті болғаны соншалық, одан шыққан күл тіпті Мысыр мен Сирияға жеткен. Бұл оқиғадан шамамен 2000-ға жуық помпейлік тұрғын қаза тапты. Ал жалпы жанартау атқылауынан 16 000 адам мерт болған. 1572 жылы Парижде католиктік қала тұрғындарының гугенот-протестанттарына қарсы қырғыны басталды. Варфоломей түні деп аталатын бұл қорқынышты оқиға гугеноттардың көшбасшысы Наварра королі Генри мен католик ханшайымы Валуа Маргаританың үйлену тойынан бірнеше күн өткен соң болды. Тарихшылар арасында әлі күнге дейін Варфоломей түнінің құрбандарының саны бойынша дау бар. Олар 5000-нан 30000-ға дейінгі адамның қаза болғанын айтады.
👀Бүгін картоп қытырлағының пайда болған күні. 1853 жылы АҚШ-та Саратога-Спрингс қалашығында ресторатор – шеф-повар Джордж Крам (George Crum) алғаш рет картоп чипсиін дайындады. Мейрамханаға келушілерлің бірі қуырылған картоп қабығының аздау күйдірілгеніне өкініш білдіргенін көрген соң, Грам картопты өте жіңішке қылып кесіп, картопты қуырудың жаңа әдісін ойлап шығарды. Қонаққа бұл тағам қатты ұнайды. Кейін Джордж Крам өз кәсібін ашып, жоғары қаражатқа кенеледі. Осылайша аталмыш өнім АҚШ-та, содан кейін бүкіл әлемге танымал болды.
Сізге картоп қытырлағының қай дәмі ұнайды?
👥24 тамыз — екі шығармашыл тұлғаның туған күні. Бүгін суретші, акварель-график Ғани Баянов 75 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі — Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Оның туындылары Қазақстандағы, Ресейдегі, Германиядағы, Франциядағы, Түркиядағы, Бельгиядағы, АҚШ-тағы жеке коллекциялар мен Қастеев өнер мұражайында сақтаулы. Баяновтың «Ақ түйе үстіндегі қыз» картинасы 168 мың долларға сатылды. Бұл Қазақстанның рекорды. Сонымен қатар бүгін қазіргі заманның ең танымал жазушыларының бірі Пауло Коэльо 77 жасқа толды. Бразилиялық тұлға 30 кітап жазып, бүкіл әлем бойынша 320 миллион данамен сатылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Жазушы әртүрлі елдің үкіметінен 115 әдеби сыйлық пен марапаттарға ие болды. 2004 жылы ол Алматы мен Астанада болды.
Сіз Пауло Коэльоның қай кітабын оқыдыңыз?