«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 сентября, 2024


👍24 қыркүйек шабыт сыйлайтын мерекелердің бірі – “Аяқталған істер” күні. Аяқталмаған іс өзгелердің сеніміне күдік ұялатып, жеке басыңызға кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ аяқсыз қалған істер кінә сезімін тудырып, адамның сағын сындырып, сәтсіздікке итермелейді. Мұндай кезде өзіңізге деген сенімділік жойыла береді. Сондықтан психологтар бастаған істі тезірек аяқтауға кеңес береді. Бұл процестің соңында маңызды бонус алаңдаушылық пен кінәні алмастыратын жеңілдік пен бақыт болады.

 

Барша оқырманымыздың бастаған істерін тезірек аяқтауларына тілектеспіз!

 

👇24 қыркүйек — Халықаралық керуеншілер күні. Ежелгі заманнан бері адамдар тауар айырбасына мұқтаж болды. Нәтижесінде базарлар мен сауда жолдары пайда болды. Ең танымал бағыттың бірі – Қазақстан аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек жолы еді. Кей деректерге сүйенсек, бұл мереке Хижраның аяқталуына орай ұйымдастырылғаны айтылады. Яғни,  Мұхаммед пайғамбардың және алғашқы мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға қоныс аударуының құрметіне арналған. Ал басқа нұсқа бойынша, 24 қыркүйек — Жапония жағалауына бірінші жеткен еуропалық атақты британдық теңіз саяхатшысы Уильям Адамстың (1564-1620) құрметіне арналғаны айтылады. 

 

Сіз қай нұсқаны құптайсыз?

👀1724 жылы 24 қыркүйекте Париж қор биржасы ашылды. Революциялар мен соғыстардан аман қалған Франция капиталистік мемлекетке айналды. 1860 жылға қарай Париж қор биржасы еуропалық масштабтағы ақша нарығына айналды. Бірте-бірте басқа ірі қалаларда биржалар бой көтерді. 19 ғасырда еуропалық қор биржалары арасындағы қарқынды бәсекелестік жалғасын тапты, бірақ Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Уолл-стриттегі Нью-Йорк биржасы көш басында болды. 2000 жылы Париж, Амстердам және Брюссель биржалары Euronext NV құрды. Қазіргі уақытта ол әлемдегі бесінші ірі биржа. Ал Қазақстан қор биржасы 1993 жылы 17 қарашада құрылды.

 

Егер қор нарығына қызығушылық танытсаңыз, пікірге жаза кетіңіз. Алдағы уақытта пайдалы ақпаратты бөлісеміз!

👥24 қыркүйекте өмірін киномен байланыстырған екі адамның туған күні. Бүгін қазақ актрисасы Наталья Орынбасова 78 жасқа толды. Ол көпшілікке Шыңғыс Айтматовтың романы желісінде түсірілген «Бірінші мұғалім» фильміндегі басты рөлімен танымал болды. Мұны болашақ күйеуі Андрей Кончаловский түсірген еді. Осы рөлі үшін Наталия Голливуд жұлдызы Джейн Фонданы жеңіп, 1966 жылы Венецияның «Вольпи алтын кубогы» кинофестивалінің «Үздік актриса» сыйлығын жеңіп алды. Өнер иесі қала берді «Транссібір экспрессі», «Мұстафа Шоқай» және «А» — ға оралу»атты алғашқы қазақ 3D-фильмінде ойнады. Сондай-ақ бүгін америкалық кино және анимация режиссері, сценарист Брэд Берд 67 жасын атап өтеді. «Суперсемейка» (2004), «Рататуй» (2007) және «Суперсемейка 2» (2018) мультфильмдеріндегі жұмысымен танымал. Режиссер екі мәрте «Оскар» сыйлығын иеленді. 

 

Сізге қай мультфильм ұнайды?