☑️ Бүгін — Дүниежүзілік оптимизм күні аталып өтеді. Әдетте бұл мерекені адал әрі шынайы достар бірге қарсы алады. Осылайша күнді ерекше өткізіп, жағымды эмоцияға толтыруға болады.
Барлық оқырманды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
☑️ 1944 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды. Либреттосы — М.Әуезовтікі, музыкасы — А.Жұбанов пен Л.Хамидидікі, ал режиссері — Қ.Жандарбеков. Опера сюжеті ақынның өміріндегі драмалық оқиғаға негізделген. Абай рөлінің алғашқы орындаушысы Ришат Абдуллин болды, одан кейін эстафетаны Ермек Серкебаев, Ғафиз Есімов және басқалар қабылдады. Музыкалық шешімінің әуезділігі, халықтың ән мұрасымен етене байланысты. Операға Абай әндері сәтті енгізілген. Ақын бейнесін ашуға философиялық мазмұны терең «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қай талқы» секілді әндер алынған.
1958 жылы Опера Мәскеуде көрсетілді. Сонымен қатар туынды 1986 жылы Берлин мен Дрезденде де үлкен жетістікке жетті.
Сізге қазақтың қай операсы ұнайды?
☑️Екі жыл бұрын Геннадий Головкин ХХІ ғасырдың ең ұлы боксшыларының үштігіне енді. Give Me Sport-тың танымал басылымы ХХІ ғасырдағы ең үздік 50 боксшының рейтингін ұсынды. Соған сәйкес GGG үздік орынға ие болды. Ranker.com редакциясы ТОП-50 боксшы тізімін құрастыру кезінде жанкүйерлердің сауалнама нәтижесін негізге алды. Осылайша, бірінші орын филиппиндік — Мэнни Пакьяоға, екінші орын американдық боксшы — Флойд Мейвезерге тиесілі болды. Айта кетейік, мексикалық Саул «Канело» Альварес рейтингте алтыншы орынға ие болды.
Сіздің ойыңызша, Головкин мансаптық жолын қашанға дейін жалғастырады?
☑️24 желтоқсан өмірге келген танымал адамның тұлғалар. 112 жыл бұрын панфиловшы-офицер, Қазақстан мен Кеңес Одағының батыры, жазушы — Бауыржан Момышұлы (1910-1982) дүниеге келді. Соғыс кезінде ол батальонды, содан соң дивизияны басқарды. Бүгінде оның жауынгерлік тәжірибесі Израильдің, АҚШ-тың әскери оқу орындарында зерттеліп жатыр. Бауыржан Момышұлы — әскери педагокика мен әскери психологияда баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің “Волоколамск тас жолы” атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді.
Соғыста ол күнделік жазып, ұрыс алаңында көрген-білгенін, басынан өткен жайттарды қағазға түсірді. Ол кез келген жағдайда қарда да, жаңбырда да және тіпті қоршауда қалған кезде де жазба жүргізді. Осылайша, 38 жауынгерлік жазба кітапша жазды. Онда соғыс барысы, сарбаздардың ойы мен әрекеті туралы айтылады. Оның негізгі әдеби шығармалары оқырманды шыншылдығымен таңғалдырады. «Бір түннің тарихы» оның дарынды жазушы екенін жариялаған алғашқы туындысы.
Сондай-ақ бүгін пуэрто-рикандық поп — музыкант, актер және жазушы Рики Мартин 51 жасқа толды. Оған «Livin’ La Vida Loca» композициясы танылмалдылық әкелді. Бұл испан поп-музыкасында керемет туындыға айналды әрі басқа испан әртістерінің әлемдік нарыққа шығуына көмектесті. Рики Мартин 7 Грэмми және 8 МТВ сыйлығының иегері. Ол әлемнің 60-тан астам елінде концерттер өткізді.
Сіздің қалаңызда Бауыржан Момышұлының есімімен нелер аталған?