«Үйде жатпа» күнтізбесі. 24 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 декабря, 2024


🙂24 желтоқсанда — Дүниежүзілік оптимизм күні. Ғалымдардың пікірінше, үнемі көңілді жүру иммунитетті нығайтып, денсаулыққа оң әсерін тигізеді. Оптимистер үшін әлеуметтік қолдау табу, достық қарым-қатынас орнату өте оңай. Себебі олардың басым көпшілігі көшбасшы болып келеді.

 

Барлық оқырманымызды осы көңілді мерекемен құттықтаймыз!

 

 

🤩1944 жылы 24 желтоқсанда Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында алғаш рет «Абай» операсы қойылды. Опера сюжеті ақынның өміріндегі драмалық оқиғаға негізделген. Абай рөлін тұңғыш рет  Ришат Абдуллин сомдады. Содан соң эстафетаны Ермек Серкебаев, Ғафиз Есімов және тағы басқалары қабылдады. 1958 жылы опера Мәскеуде көрсетілді. Ал 1986 жылы туындымыз Берлин мен Дрезденде үлкен жетістікке жетті. Қазіргі уақытта “Абай» операсын Қазақстанның барлық опера театры ойдағыдай сахналап келеді. 

 

Сізге қандай қазақ операсы ұнайды?

 

 

🤩2020 жылдың 24 желтоқсанында Геннадий Головкин ХХІ ғасырдың ең ұлы боксшыларының үштігіне енді. Танымал Give Me Sport басылымы ХХІ ғасырдың ең үздік 50 боксшысының рейтингін анықтау барысында Ranker.com сайтындағы жанкүйнрлер сауалнамасының нәтижесіне жүгіне отырып, өз пікірлерін де басшылыққа алды.

 

Сіз қалай ойлайсыз, Головкин қоштасу жекпе-жегін өткізе ме?

 

 

🤩24 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. 114 жыл бұрын офицер-панфиловшы, Қазақстан мен Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы (1910-1982) дүниеге келді. Бүгінде оның батальон мен дивизияны басқарудағы жауынгерлік тәжірибесі Израиль мен АҚШ-тың әскери оқу орындарында зерттеліп жатыр. Сондай-ақ бүгін пуэрто-рикандық поп-музыкант, актер және жазушы Рики Мартин 53 жасқа толды. Өнер иесі «Livin’ La Vida Loca» композициясы арқылы бүкіл әлемге танымал болды. Аталмыш әні испан поп-музыкасында топ жарды.

 

Сіздің қалаңызда қандай орындар мен ғимараттарға Бауыржан Момышұлының есімі берілген?