⌛️25 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы халық санағы басталды. Сауалнама арқылы 1999 жылы республикада 15 673 400 адам тұратыны анықталды. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 033 546 адамға жетті. 2021 жылдың халық санағының нәтижесіне сәйкес, еліміздегі негізгі этностық құрам: қазақтар – 70,4%, орыстар – 15,5%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 2%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,2%, татарлар – 1,1%, басқа ұлт өкілдері – 5,1%.
💉Ақпан айының соңғы сейсенбісі дүниежүзілік үй жануарларын зарарсыздандыру күні аталып өтеді. Үй жануарларын кастрациялау және зарарсыздандыру — қаңғыбас мысықтар мен иттердің санын азайтудың ең тиімді әдістерінің бірі. Қазіргі медицинаның жетістіктерінің арқасында бұл операциялар жылдам әрі жануарлар үшін қауіпсіз өтеді. Операциядан кейін үй жануарларына жасалатын дұрыс күтім оның өмір сүру сапасын бір деңгейде сақтауға көмектеседі.
Ал сіз жануарларды зарарсыздандыруды қолдайсыз ба?
💡Бүгін театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешова 74 жасқа толды. Ол қазақ киносының аңызына айналған “Қыз Жібек” фильмінде басты рөлді сомдап, халық жадында “Қазақтың Қыз Жібегі” ретінде қалды. Марқұм жұбайы Құман Тастанбеков (1945-2017) сол фильмде Төлегеннің рөлін ойнап, көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген еді. Бұл жұлдызды жұп көпшіліктің жүрегінде махаббат пен жанұялық бақыттың белгісі болып қалды.
Сіз аталған қазақ киносының классикасын көрдіңіз бе?
👥25 ақпан — қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. Бүгін телеактриса, модель Аружан Жазылбекова 39 жасқа толды. 18 жасында ол Ford Models Supermodel қазақстандық байқауының жеңімпазы атанды. Актриса көпшілікке “Құтқарушы”, “Қазақша тонау”, “Рэкетир 2: Жаза”, “Үшеулік той” және тағы басқа фильмдерімен танымал. Сонымен қатар бүгін эстрада әншісі, актер Қайрат Нұртас 36 жасын атап өтеді. Ол сахнаға алғаш рет он жасында шығып, 19 жасында Республика сарайында жеке концертін берді. 2013 жылы жарық көрген «Өкініш» өмірбаяндық фильмі Қазақстанда рекордтық касса жинады. Әнші 2020 жылы Шымкент қаласының құрметті азаматы атанды.
Сізге Қайрат Нұртастың қай әні ұнайды?