«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 Қаңтар, 2024


📚25 қаңтар кітап сүйер қауым кітапханада селфи жасау күнін атап өтеді. Кітаппен үздік суретке түсу акциясы алғаш рет 2014 жылы өткізілді. Бұл – әлемнің көптеген мәдени орындары мен топтарында ерекше дәстүрге айналды. Бүгінде кітапхана ұжымы оқырмандарын кітап оқуға ғана емес, сонымен бірге суретке түсуге де шақырады. Фотосуреттер кітапханаларда әрі оқу идеясын насихаттап, жаңа оқырмандарды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде орналастырылады.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

 

 

Байқау!!! Сіз де осы жазбаның астында комментарийге сүйікті кітабыңызбен селфи жасап, жүктеп қойыңыз. 19:30-ға дейін суреті ең көп лайк жинаған үш қатысушыға біздің атымыздан кез келген кітап дүкенінен 10 000 теңгелік сертификат табысталады. Нәтижесі кешкі жаңалықтармен бірге шығады.

⚰️2018 жылы 25 қаңтарда Кашмирде Мұхаммед Хайдар Дулатидің қалпына келтірілген бейіті ашылды. Қазақстан елшілігінің бастамасымен Үндістанда Моғол империясының “Мазар-и-Салатин” сұлтандары зиратындағы қазақ ғалымының қабірін қалпына келтіру әрі ол туралы урду және ағылшын тілдерінде ақпараттық планшет орнату жұмыстары басталды. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – қазақ даласының көрнекті перзенті, ежелгі Дулат әулетінің өкілі, қала берді әскери және саяси қайраткер. Сондай-Қазақ хандығының қалыптасуы, қазіргі Қазақстан мен Кашмир аумағындағы сол кездегі оқиғалар туралы көптеген мәліметті қамтитын – “Тарих-и-Рашиди” кітабының авторы.

Сіздің қалаңызда Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен нелер аталған?

💎1905 жылы 25 қаңтарда “Куллинан” атты әлемдегі ең үлкен әрі ең қымбат алмас табылды. Тас Оңтүстік Африка кенішінің иесі Томас Куллинанның есімімен аталып, ағылшын королі Эдвард VII-ге сыйлыққа ұсынылды. Оның салмағы – 3106 караттан асады, яғни 638 грамм болды. Алмазда жырықтар болғандықтан, алып бір гауһар жасау мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде ағылшын монархтарының таяғы мен тәжінің бөлігі болған Куллинаннан 96 кішкентай, 7 көлемді және 2 ең үлкен гауһар алынды.

 

Сіз тағы қандай гауһар тастарды білесіз? 

👥25 қаңтар екі танымал адамның туған күні. 25 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский 46 жасқа толды. Президент болып сайланғанға дейін ол шоумен әрі кино актері көпшілікке танымал болды. Владимир Зеленский саяси мансабын 2019 жылы Мемлекет басшысының сайлауына қатысудан бастады. Нәтижесінде Украинаның алтыншы президенті болып сайланды. Сонымен қатар бүгін америкалық әнші, композитор Алиша Киз 43 жасын атап өтеді. Ол көптеген беделді музыкалық марапаттардың иегері. Оның ішінде бес рет American Music Awards, он рет Billboard Music Awards, 15 мәрте Грэмми, төрт  мәрте MTV Video Music Awards, 13 мәрте NAACP Image Awards, алты мәрте Soul Train Music Awards және т. б. марапаттарына ие болды.