👤2017 жылы 25 қаңтарда Астанада 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алауы эстафетасы өтті. Қазақстан намысын 12 спорт түрі бойынша 171 спортшы қорғады. 2017 жылы Қысқы Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда сәтті өтіп, оған 57 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Биыл Италияда өткен Қысқы Универсиадада қазақстандық спортшылар 14 медаль жеңіп алып, 43 елдің арасында медаль саны бойынша 12-орынға ие болды.
🗣2018 жылы 25 қаңтарда Кашмирде Мұхаммед Хайдар Дулатидің қалпына келтірілген бейіті ашылды. Қазақстан елшілігінің бастамасымен Үндістанда Моғол империясының “Мазар-и-Салатин” сұлтандары зиратындағы қазақ ғалымының қабірін қалпына келтіру әрі ол туралы урду және ағылшын тілдерінде ақпараттық планшет орнату жұмыстары басталды. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – қазақ даласының көрнекті перзенті, ежелгі Дулат әулетінің өкілі, қала берді әскери және саяси қайраткер. Сондай-Қазақ хандығының қалыптасуы, қазіргі Қазақстан мен Кашмир аумағындағы сол кездегі оқиғалар туралы көптеген мәліметті қамтитын — “Тарих-и-Рашиди” кітабының авторы.
Сіздің қалаңызда Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен аталған қандай орындар бар?
👀1905 жылы 25 қаңтарда “Куллинан” атты әлемдегі ең үлкен әрі ең қымбат алмас табылды. Тас Оңтүстік Африка кенішінің иесі Томас Куллинанның есімімен аталып, ағылшын королі Эдвард VII-ге сыйлыққа ұсынылды. Оның салмағы — 3106 караттан асады, яғни 638 грамм болды. Алмазда жырықтар болғандықтан, алып бір гауһар жасау мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде ағылшын монархтарының таяғы мен тәжінің бөлігі болған Куллинаннан 96 кішкентай, 7 көлемді және 2 ең үлкен гауһар алынды.
Сіз тағы қандай гауһар тастарды білесіз?
👥25 қаңтар — танымал екі адамның туған күні. Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский 47 жасқа толды. Президент болып сайланғанға дейін шоумен әрі кино актері көпшілікке танымал болды. Владимир Зеленский саяси мансабын 2019 жылы Мемлекет басшысының сайлауына қатысудан бастады. Нәтижесінде Украинаның алтыншы президенті болып сайланды. Сонымен қатар бүгін америкалық әнші, композитор Алиша Киз 44 жасын атап өтеді. Ол көптеген беделді музыкалық марапаттардың иегері. Оның ішінде бес рет American Music Awards, он рет Billboard Music Awards, 15 мәрте Грэмми, төрт мәрте MTV Video Music Awards, 13 мәрте NAACP Image Awards, алты мәрте Soul Train Music Awards және т. б. марапаттарына ие болды.