«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 Қаңтар, 2023


☑️ 25 қаңтар кітап сүйер қауым – кітапханада селфи жасау күнін атап өтеді. Кітаппен үздік суретке түсу акциясы алғаш рет 2014 жылы өткізілді. Бұл – әлемнің көптеген мәдени орындары мен топтарында жақсы дәстүрге айналды. Бүгінде көптеген кітапхана өз оқырмандарын кітап оқуға ғана емес, суретке түсуге де шақырады. Фотосуреттер кітапханаларда және оқу идеясын насихаттау мақсатында жаңа оқырмандарды тарту үшін әлеуметтік желілерде орналастырылады.

 

Байқау!!! Осы жазбаның астындағы түсініктемелерде кітаппен селфиіңізді жүктеңіз. Фотосуреттері сағат 21:00-ге дейін ең көп лайк жинаған үш қатысушыға бізден Қазақстанның кез келген кітап дүкенінен сатып алуға 10 000 теңгеге сертификат беріледі.

☑️ 5 жыл бұрын Кашмирде Мұхаммед Хайдар Дулатидің қалпына келтірілген бейіті ашылды. Қазақстан елшілігінің бастамасымен Үндістанда Моғол империясының «Мазар-и-Салатин» сұлтандары зиратындағы қазақ ғалымының қабірін қалпына келтіру әрі ол туралы урду және ағылшын тілдерінде ақпараттық планшет орнату жұмыстары басталды. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – қазақ даласының көрнекті перзенті, ежелгі Дулат әулетінің өкілі, көрнекті әскери және саяси қайраткер. Сондай-ақ көптеген мәліметті қамтитын «Тарих-и-Рашиди» кітабының авторы. Қазақ хандығының құрылуы туралы, сонымен қатар қазіргі Қазақстан мен Кашмир аумағындағы сол кездегі оқиғалар туралы.

Сіздің қалаңызда Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен нелер аталған?

☑️ 1905 жылы 25 қаңтар «Куллинан» атты әлемдегі ең үлкен және ең қымбат алмас табылды. Тас Оңтүстік Африка кенішінің иесі Томас Куллинанның есімімен аталды және ағылшын королі Эдвард VII-ге сыйлық ретінде ұсынылды. Оның салмағы – 3106 караттан асады, яғни 638 грамм болды. Алмазда жырықтар болғандықтан, алып бір гауһар жасау мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде ағылшын монархтарының таяғы мен тәжінің бөлігі болған Куллинаннан 96 кішкентай, 7 үлкен және 2 үлкен гауһар алынды.

 

Сіз тағы қандай танымал гауһар тастарды білесіз?   

☑️ 25 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. Бүгін Украинаның қазіргі президенті – Владимир Зеленский 45 жылдық мерейтойын атап өтеді. Президент болып сайланғанға дейін ол шоумен және кино актері ретінде танымал болды. Владимир Зеленский саяси мансабын 2019 жылы Мемлекет басшысының сайлауына қатысудан бастады. Нәтижесінде Украинаның алтыншы президенті болып сайланды.  

Сонымен қатар бүгін американдық әнші, композитор – Алиша Киз 42 жасқа толды. Ол көптеген беделді музыкалық марапаттардың иегері. Оның ішінде бес рет American Music Awards, он рет Billboard Music Awards, 15 мәрте Грэмми, төрт  мәрте MTV Video Music Awards, 13 мәрте NAACP Image Awards, алты мәрте Soul Train Music Awards және т. б. марапаттарға ие болды.