«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 ноября, 2023


🤔Бүгін көне түркі жазуының құпиясы ашылған күн. 1893 жылы 25 қарашада Дат лингвисті Вильгельм Томсен ежелгі түркі жазуының кілтін ашты. Оның оқыған алғашқы сөздері «түрік» және «Тәңірі» болды. Еуразияда 700-ден астам ірі және кіші жазулар, жазба ескерткіштері мен мәтіндер бар. Осылайша Халықаралық Түркі академиясы Вильгельм Томсен атындағы медаль шығарып, оны түркологияның дамуына елеулі үлес қосқан зерттеушілерге табыстады. Бұл беделді марапатқа 20-дан астам адамның еңбегі ие болды.

🤯25 қараша — Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні. Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 60 мыңнан астам жағдайы тіркеледі. Бұл — тек ресми дерек. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда әйелдер жауыз еркектермен тұруға мәжбүр болады. Өйткені олар туыстарынан қолдау көрмейді, қала берді балаларының әкесінің жанында өскенін қалайды немесе ізіне түсуден қорқады. Сонымен қатар полиция жәбірленуші ханымдар оларға ашық түрде қоңырау шала алмайтынын айтады. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, 102 нөміріне хабарласып, үйге дәрі-дәрмек әкелуін өтініңіз. Бұл әрекетіңізден байланыс орталығының мамандары сізге көмек қажет екенін болжайды. 

 

Құрметті ер-азаматтар әйелдеріңізге әрдайым қамқорлық танытыңыз!

🫣Қарашаның төртінші сенбісінде Украинада ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтеді. 2006 жылы Украина Парламенті Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының нәтижесін кейбір мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар мойындаған украин халқының геноцид актісі деп жариялады. Украинаның демография институтының зерттеуіне сәйкес, Украинада ашаршылық салдарынан 3 миллион 917,8 мың адам, Ресейде 3 миллион 264,6 мың адам, Қазақстанда 1 миллион 258,2 мың адам қайтыс болғаны жазылған. Аштықтан болған салыстырмалы шығындар Қазақстанда — 22,42 %, Украинада — 12,92 %, Ресейде — 3,17% болды. Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 31 мамырда аталып өтеді.

🤐138 жыл бұрын «Алаш» партиясының көшбасшысы және қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Міржақып Дулатұлы (1885-1935) дүниеге келді. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы Қазан қаласында “Оян, қазақ!” деген атпен басылып шықты. Бұл халықтың рухын көтеруге бағытталған үндеу болды. Сол себепті патша билігі кітаптың бүкіл таралымын жойып, қоғам қайраткерін қамауға алады. Мұнда ол қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал» атты кітапты жазады. 1913 жылдан бастап Байтұрсынұлымен бірлесіп «Қазақ» газетін шығарады. Сонымен қатар партия бағдарламасын жаза отырып, «Алаш» ұлттық қозғалысын ұйымдастыруға белсенді түрде қатысты. 1928 жылы Кеңес өкіметі тарапынан оған контрреволюциялық әрекет жасады деген айып тағылып, қамауға алынады. Осылайша 1930 жылы Міржақыпқа ату жазасы берілді. Бірақ оны кейін 10 жылға лагерьге ауыстырады. 1988 жылы жазушы ақталады. 1992 жылы оның сүйегі отанына жеткізіліп, Қостанай облысының Бидайық ауылында жерленді. Биыл «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі Қазақстандағы кассалық рекордты жаңартты.

 

Осы фильмге шолуды мына сілтемеден көре аласыз: https://youtube.com/shorts/bZvSXbCGaeo?si=KqVz6jSuPqKq56n2

 

#күнтізбе #25қараша #ашаршылық #жазу