«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 Қазан, 2023


📆Бүгін Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде мыналар бекітілді: біртұтас мемлекет, оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының төл мәдениетін, дәстүрін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту. Бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы еді. 

Оқырмандарымызды Республика күнімен құттықтаймыз!

🌱25 қазан – Халықаралық әйелдер бейбітшілігі үшін күрес күні аталып өтеді. Отбасы мен жақындарын қорғау және олардың қоғамда бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету – адамзаттың ең асыл тілегі. Қазіргі заманда әйелдер көбіне отағасының міндеттерін және оның аяққа тұруы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Сонымен бірге олар жұмыста кәсіби міндеттерін орындайды. Алайда шамадан тыс жұмыс әйелдер қауымын көп жағдайда эмоционалдық стресске ұшыратады. Сондықтан бұл күннің бейресми мереке болып белгіленуі таңқаларлық жағдай емес. 

 

Барлық әйелді мерекесімен құттықтаймыз!

🎨25 қазан – Халықаралық суретшілер күні аталып өтеді. Жартастағы кескіндеме адамзат қоғамы дамуының ең алғашқы кезеңінде пайда болды. Уақыт өте олар қарапайым сызбалар майлы және акварельмен боялған суреттермен ауыстырылды. Қазір бұл картиналар ондаған және жүздеген жылдар бұрын әлемнің қандай болғаны туралы түсінік береді. Бейнелеу өнері адамдарда сұлулықты, қиял мен ерекше сезімдерді дамытады, кеңістіктік және логикалық ойлауды қалыптастырады.

Қазақтың қандай суретшілерін білесіз? 

💐25 қазан екі әйгілі әйелдің туған күні. 98 жыл бұрын жаудың 78 сарбазы мен офицерін жойған атақты мерген қыз Әлия Молдағұлова (1925-1944) дүниеге келді. 1944 жылы Әлия қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Оның құрметіне көптеген қаланың көшелеріне есімі беріліп, ескерткіштер орнатылды. «Әлия» әнін орындағаны үшін Роза Рымбаева 1977 жылы «Алтын Орфей» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Сондай – ақ бүгін американдық әнші, композитор, ән жазушы, актриса, БҰҰ ізгі ниет елшісі Кэти Перри 39 жасқа толды. Перри көптеген марапаттың иегері. Соның ішінде ол Грэмми сыйлығына он үш мәрте ұсынылды. Кэти Twitter-дің алғашқы қолданушысы болды. Мұнда оның оқырмандары 50 миллионнан асты. 2018 жылы ол 83 миллион доллар табыс тауып, әлемдегі ең көп жалақы алатын әншілер рейтингінде көш бастады.

 

Сіздің қалаңызда Әлия Молдағұлованың есімімен аталған қандай орындар бар?