«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 мая, 2024


👨‍👩‍👧‍👦Бүгін — Халықаралық хабарсыз кеткен балалар күні. Иә, қандай да бір отбасы мүшесінің із-түссіз жоғалуы — жақындары үшін қайғылы жағдай. Соның ішінде баланың ғайып болуы — ең үлкен қасірет. 1979 жылы 25 мамырда алты жасар америкалқ мектеп оқушысы Эвиан Пэйтес үйіне қайтар жолда жоғалып кетеді. Оны табу мүмкін болмайды. 4 жыл өткеннен кейін Америка Құрама Штаттарының Президенті бұл күнді 1997 жылдан бастап халықаралық деңгейде атап өтуді ұсынады. Осылайша “25 мамыр — жоғалған балалардың ұлттық күні” деп жарияланды. Әлемде миллиондаған бала белгісіз себеппен жоғалып жатыр. Өкініштісі, жыл сайын олардың саны артып келеді. Іздеу статистикасы бойынша Қазақстанда жыл сайын 250-ге жуық бала жоғалады екен. 

 

Өзіңізге және балаларыңызға абай болыңыз! 

👀25 мамыр — Дүниежүзілік қалқанша безі күні. Бұл мүше гормоналды тепе-теңдікті сақтап, зат алмасуды реттейді. Сонымен қатар жүйке жасушаларының қалыптасуына қатысады. Әлем тұрғындарының 10% -дан астамы қалқанша безі ауруынан зардап шегеді. Алайда көпшілігі бұл жайында хабарсыз. Қалқанша безі ауруларының көпшілігі ағзадағы йод жетіспеушілігімен байланысты болып келеді. Сондықтан күнделікті өмірде белгілі бір мөлшерде йодты (150-200 мг) қабылдау арқылы аталмыш аурудан алдын алуға болады.

 

Дұрыс тамақтаныңыз, белсенді өмір салтын ұстаныңыз және деніңіз сау болсын! 

🌧25 мамырда Алматыда субұрқақ күні аталып өтеді. Қалада ең алғашқы субұрқақ 1948 жылы пайда болды. Уақыт өте келе оның саны арта бастады. 25 мамыр күні кешкі уақытта мерекеге орай қаладағы барлық субұрқақ бір уақытта қосылады. Бүгінгі күнге дейін Алматыда 150 субұрқақ орнатылса, оның 64-і коммуналдық меншікте. Қауіпсіздік мақсатында субұрқақтарда шомылуға қатаң тыйым салынады.

 

Сіздің Алматыдағы ең сүйікті субұрқағыңыз қай жерде орналасқан? 

👥25 мамырда өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін ирландиялық актер Киллиан Мерфи 48 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Оның ішінде “Острые козырьки”, “Темный рыцарь” және “Начало” фильмдерін ерекше атап өтуге болады. Өнер иесі көптеген кәсіби марапаттың иегері. Сонымен қатар бүгін қазақ әншісі Луина да 37 жасқа қадам басты. Луина Каринбаеваның мансабы 2010 жылы X Factor музыкалық таланттар байқауынан басталды. Содан бері ол көптеген кәсіби марапаттарға ие болып, ал бейнебаяндары миллиондаған қаралым жинап келеді. 

 

Луинаның қай әні ұнайды?