«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 июня, 2024


🙈108 жыл бұрын Қазақстанда Ресей билігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Оған 1916 жылғы 25 маусымдағы “Қазақтардың тыл жұмыстарына реквизициялау турал патша жарлығы себеп болды. Соның нәтижесінде олар Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адамды майданға аттандырмақ болды. Ең ұзақ және ең ұйымдасқан көтеріліс Торғай облысында орын алды. Оны халық батыры Амангелді Иманов басқарды. Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс тұңғыш рет еліміздің барлық аймақтарын қамтыған жалпықазақтық сипатқа ие болды.

 

🐳25 маусым – Халықаралық теңізшілер күні. Бұл мереке әлемдік экономикаға үлкен үлес қосып жүрген сауда флотының теңізшілерін құрметтейді. Төмен құнына байланысты әлемдік сауданың 80%-дан астамы теңіз арқылы жүзеге асырылады. Бұл салада бір жарым миллион матрос жұмыс істейді. Қазақстанның ірі теңіз жолдарына шығу мүмкіндігінің жоқтығына қарамастан, еліміз батыста орталығы Ақтау порты болып табылатын Каспий аймағындағы коммерциялық кеме қатынасын белсенді дамытып жатыр. 

 

Егер таныс теңізшілеріңіз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

 

 

💪Бүгін сондай-ақ Дүниежүзілік витилиго күні де аталып өтеді. Бұл күн 25 маусым 1986 жылы Майкл Джексонның қайтыс болған күніне байланысты таңдалды. Себебі өнер иесіне де осы диагноз қойылған еді. Витилиго терінің белгілі бір аймақтарының пигментациясымен сипатталады. Оның себебі белгісіз. Бірақ витилигомен ауыратын көптеген адам әлеуметтік кемсітушілікке тап болады. Дәрігерлер науқастарға бұл аурумен ауыратын адамдар басқалардан кем емес, керісінше ақ дақтар олардың ерекшелігі екенін түсіндіреді. Витилигомен ауыратындар тізімінде миллиардер Роман Абрамович пен АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамптың болғанын атап өту керек.  

 

Егер таныстарыңыздың арасында осы аурумен ауыратын адамдар болса, оларға қолдау білдіріңіз!

 

👥25 маусым — қазақтың екі атақты адамының туған күні. 81 жыл бұрын театр және кино актері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Владимир Толоконников (1943-2017) дүниеге келді. Өнер иесі бірінші қазақ телехикаясы “Махаббат бекеті” және “Собачьем сердце” фильміндегі Шариков рөлімен танымал. Ол фильмді түсіру кезінде 75 жасында жүрегі тоқтап қайтыс болды. Сонымен қатар бүгін режиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов 63 жасқа толды. Атыраулық азамат Forbes нұсқасы бойынша Ресейдегі коммерциялық жағынан ең табысты режиссерлер рейтингінде бірінші орында тұр. Ол Голливудта Анджелина Джоли, Морган Фриман және Бенедикт Камбербэтч ойнаған 9 фильм түсірді. Тимурдың айтуынша, ол Қазақстанға бір күн болса да келудің жолын табады.

 

Тимур Бекмамбетовтың қай фильмі сізге ұнайды?