🙁25 наурыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық құлдық құрбандарын еске алу және трансатлантикалық құл саудасының күні. Бұл дата 2007 жылы, трансатлантикалық құл саудасының жойылуына 200 жыл толуына орай белгіленді. Оның мақсаты – құлдықтың азабын тартқан және азаттық жолында қаза тапқан жандарды еске алу. Әлемде құлдық ең соңғы болып 1981 жылы Мавританияда жойылды. Алайда 2021 жылдың деректеріне сәйкес, қазіргі заманда құлдық құрбандарының саны 50 миллионға жеткен. Олардың 28 миллионы – мәжбүрлі еңбекке жегілгендер, ал 22 миллионы – еркінен тыс некеге тұрғандар.
😇1930 жылы 25 наурызда Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты Бақалы ауылында Бәрібаев көтерілісі өтті. Ол кеңестік биліктің ұжымдастыру саясаты мен репрессияларына қарсы бағытталған еді. Көтерілісшілер Бақалы коммунасын басып алып, ауылдық кеңесті таратып, халыққа тәркіленген астықты, малды және өзге де мүлікті таратып берді. Алайда бұл көтеріліс көп ұзамай қарулы кеңес әскері тарапынан басып-жаншылды. Нәтижесінде 29 адам ату жазасына кесілді.
🤩Бүгін тәтті әуесқойлары халықаралық вафли күнін атап өтеді. Көпшілікке белгілі әрі неміс тілінде “ұяшық, бал ұясы” деген мағынаны білдіретін алғашқы вафлилер Германияда XIII ғасырда дайындала бастады. Бүгінде дүкен сөрелерінде тек тәтті вафлилер ғана емес, сондай-ақ ірімшік қосылған немесе түрлі дәмдеуіштермен толықтырылған тұзды түрлері де ұсынылады. Әлемдегі ең танымал вафлилердің бірі – бельгиялық вафли. Олар классикалық десертті дайындау дәстүріне сүйене отырып, өзінің теңдесі жоқ дәмімен ерекшеленеді.
Сізге вафлидің қай дәмі ұнайды?
😻25 наурыз — әлемдегі ең әсем қалалардың бірі Венецияның туған күні. 421 жылы Солтүстік Италия тұрғындары басқыншылардан қашып, батпақты аралдарға қала салуды бастады. Венеция 100-ден астам шағын аралдан тұрады және Адриатика теңізінің жылымында орналасқан. Бұл қалада жолдар мүлдем жоқ – барлық қозғалыс тек қайықтар арқылы каналдар бойымен жүреді. Қазіргі таңда Венеция – ірі туристік және ғылыми-білім беру орталығы. Оның бірегей сәулеттік келбеті мен Венеция жылымы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.
Сіз әлемнің қай қалаларына барғыңыз келеді?