«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 Наурыз, 2023


🌍Бүгін жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық «Жер сағаты» акциясы өтеді. Дәстүр бойынша, экологиялық мәселелерге назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты дәстүрлі түрде сөндіреді. Сонымен қатар әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіші мен маңызды ғимараттары да жарықтарын сөндіріп қояды. Earthhour.kz науқанының ресми сайтында әрбір қазақстандық өз елінің табиғатына көмектесе алатыны туралы қарапайым экологиялық кеңестер берілген.

 

Ал сіз бүгін “Жер сағаты” акциясын қолдайсыз ба?

 

😣1930 жылы 25 наурыз – Алматы облысы Барыбаев ауданы (қазіргі Балқаш ауданы) Бақалы ауылында Бәрібаев көтерілісі болды. Бұл – ұжымдастыруға, Кеңес үкіметінің қуғын-сүргін саясатына қарсы бағытталған. Көтерілісшілер Бакала коммунасын басып алып, ауылдық кеңесті таратып, тәркіленген астықты, малды және басқа да дүние-мүлікті халыққа үлестірді. Бәрібаев көтерілісін кеңестік қауіпсіздік күштерінің қарулы отряды басып тастады. 29 адам өлім жазасына кесілді.

🐹Бүгін тәтті әуесқойлары – Халықаралық вафли күнін атап өтеді. Көпшілікке таныс алғашқы вафли Германияда XIII ғасырда пісіріле бастады. Ол неміс тілінде «ұяшық, бал ұясы» дегенді білдіреді. Бүгінгі таңда тұтынушыларға тәтті вафлимен қатар ірімшік түрлері, ащы тұздықтар да ұсынылады. Қазіргі уақытта ең танымал – бельгиялық вафли. Олар классикалық десертті дайындау дәстүрлерін қамти отырып, өздерінің теңдесі жоқ дәмімен ерекшеленеді.

 

Сізге вафлидің қандай дәмі ұнайды? 🍪

😍25 наурыз – әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі Венеция күні тойланады. 421 жылы батпақтар арасында қаңырап бос қалған аралдарда қала құрып, Солтүстік Италияның тұрғындары варварлардың шабуылынан құтылуға тырысты. Қала Адриатика теңізінің лагунасындағы 100-ден астам шағын аралдарда орналасқан. Жолдар мүлде болмады. Қозғалыс тек каналдар бойымен қайықтармен жүреді. Бүгінгі таңда Венеция ірі туристік әрі ғылыми білім беру орталығы болып саналады. Қаланың сәулеттік келбеті Венециандық лагунамен бірге ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. 

Сіз әлемнің қай қалаларына барғыңыз келеді?🧐