⚽️Бүгін — Қазақстан футболы күні. 2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде Қазақстан футбол одағы Еуропалық футбол қауымдастығына қабылданып, УЕФА-ның 52-ші мүшесі болды. Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік рейтингте 103-орында тұр, соңғы бір жылда 9 сатыға көтерілген.
Ұлттық құраманың тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшы – Самат Смақов, оның еншісінде 76 матч. Ал Бахтиёр Зайнутдинов 14 голмен ұлттық құраманың ең үздік сұрмергені атанып отыр.
Сіз қай команданың жанкүйерісіз?
💃25 сәуір — Халықаралық қыздар күні. Баланың дүниеге келуі отбасына қуаныш пен бақыт сыйлайды. Әсіресе, қыздың дүниеге келуі әр шаңыраққа ерекше мейірім мен тыныштық әкеледі. Қыз – болашақ отбасының ұйытқысы, анасының басты көмекшісі. Әкенің қызына көрсеткен қамқорлығын ештеңемен салыстыруға келмейді. Дәстүр бойынша ұлдарға қатал тәрбие мен тәртіп қажет. Ал қыздар махаббатты, нәзіктік пен сүйіспеншілікті сезінгені абзал.
Барлық әйелді қыздар күнімен құттықтаймыз!
🌡Бүгін — Халықаралық ДНҚ күні. 1953 жылдың 25 сәуірінде Кембридж ғалымдары Nature журналында ДНҚ молекуласының құрылымы туралы зерттеу нәтижелерін жариялады.
Адам ағзасында шамамен 40 триллион жасуша бар, әрқайсысы 1,5 гигабайт көлеміндегі генетикалық ақпаратты сақтайды. Жер бетіндегі адамдардың ДНҚ-сы 99,9% ұқсас, ал әр адамның бірегейлігі небәрі 0,1% ғана. ДНҚ молекуласы жоқ жалғыз жасушалар – қызыл қан түйіршіктері. Адам геномы жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерімен де ұқсас: шимпанземен – 95%, тышқанмен – 70%, бананмен – 50%.
Қазақтарға генетикалық жағынан ең жақын халықтар кімдер?
👥25 сәуір — қос бірдей атақты актердің туған күні. 132 жыл бұрын қазақ кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968) дүниеге келді. Қырық жылдық сахналық өмірінде ол 150-ден астам рөлді сомдап, 10 фильмге түскен. “Төреуіш” және “Шаншарлар” атты екі сатиралық жыр жинағын жазды. Ол Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген халық әртісі. Сонымен қатар бүгін мансап жолында жағымсыз кейіпкерлерді сомдаған әлемнің үздік актері Аль Пачино 85 жасқа толды. Өнер иесі “Оскар” және көптеген беделді кәсіби марапаттардың иегері. Ол 60-тан астам фильмде басты рөлді сомдаған. Аль Пачино заңды түрде шаңырақ көтермегенімен, оның үш баласы бар.
Сізге Аль Пачиноның қай фильмі ұнайды?