«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 Сәуір, 2023


⚽️ Бүгін – Қазақстан футболы күні. 2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде Қазақстан футбол одағы Еуропалық футбол қауымдастығына қабылданып, УЕФА-ның 52-ші мүшесі болды. Бүгінде әлемдік рейтингте Қазақстан 2 жыл ішінде 10 позицияға көтеріліп, 112-орында тұр. Ұлттық құрама сапында ең көп матч өткізген – Самат Смақов. Оның жалпы саны – 76. Ал үздік бомбардир – 13 мәрте гол соққан Руслан Балтиев.

 

Сіз қай команданың жанкүйерісіз?⚽️

💃 25 сәуір – Халықаралық қыздар күні. Баланың дүниеге келуі отбасына қуаныш пенибақыт сыйлайды. Әсіресе, қыздың дүниеге келуі – әр шаңыраққа ерекше нәзіктік пен тыныштық әкеледі. Қыз – болашақ ошақ қасы, отбасындағы ананың басты көмекшісі. Әкенің қызына көрсеткен қамқорлығын ештеңемен салыстыруға келмейді. Дәстүр бойынша ұлдарға қатаңдық пен тәртіп қажет. Ал қыздар махаббатты, нәзіктік пен сүйіспеншілікті сезінгені абзал.

 

Барлық әйелді қыздар күнімен құттықтаймыз!

🌡 Бүгін – Халықаралық ДНҚ күні. 1953 жылы 25 сәуірде Nature журналында Кембридж ғалымдары ДНҚ молекуласының құрылымын зерттеу нәтижелерін жариялады. Адам ағзасында 40 триллион жасуша бар, олардың әрқайсысында 1,5 гигабайт генетикалық деректер сақталады. Ғаламшардағы барлық тұрғынның ДНҚ-сы 99,9% бірдей. Әрқайсысының бірегейлігі 0,1% құрайды. Денедегі аталмыш молекула жетіспейтін жалғыз жасуша – қызыл қан жасушалары. Адамдардың гендік коды жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жекелеген өкілдерінің кодтарымен бірдей. Мәселен, шимпанземен бұл қатынас 95%, тышқанмен – 70%, бананмен – 50% құрайды. 

ДНК бойынша қазаққа қай халықтар жақын? 

🎬 25 сәуір екі атақты актердің туған күні. 130 жыл бұрын қазақ кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі – Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968) дүниеге келді. Қырық жылдық сахналық өмірде ол 150-ден астам рөлдерді сомдаған, сонымен қатар 10 фильмге түскен. «Төреуіш» және «Шаншарлар» атты екі сатиралық жыр жинағын жазды. Ол Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген халық әртісі. 

Бүгін мансап жолында жағымсыз кейіпкерлерді сомдаған әлемнің үздік актері – Аль Пачино 83 жасқа толды. Өнер иесі «Оскар» және көптеген беделді кәсіби марапаттардың иегері. Ол 60-тан астам фильмде басты рөлді сомдаған. Аль Пачино заңды түрде шаңырақ көтермегенімен, оның үш баласы бар.

 

Сізге Аль Пачиноның қай фильмі ұнайды? 

 

 #күнтізбе #25сәуір #АльПачино #Футбол #ДНҚ #Футбол #қыздаркүні