✍️1905 жылы 25 шілдеде «Қарқаралы петициясына» қол қойылып, онда тұңғыш рет қазақ халқының патша үкіметіне қойған талаптары бағдарламалық түрде баяндалды. Бұл құжатқа Қарқаралы қаласының іргесіндегі Қоянды жәрмеңкесінде «Алаш» көсемдерінің бастамасымен шақырылған қазақ съезінің 14500 делегаты қол қойды. Император II Николайдың атына жазылған петицияда шаруаларды қоныстандыруды тоқтату, цензураны жою, ресми іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді енгізу және басқа да көптеген мәселелер айтылды. Барлық талап орындалмады. Бірақ осы петицияның арқасында қазақтар Ресей империясының Мемлекеттік Думасына кіруге мүмкіндік алды.
🦷25 шілде Дүниежүзілік тіс техниктерінің күні ретінде аталып өтеді. Оларды көп жағдайда тіс дәрігерлерімен шатастырып жатады. Бірақ аталмыш мамандар тіске қатысты құралдарды жасаумен айналысады. Мысалы, тіс протездерін атап айтуға болады. Олар өз жұмыстарында химия, физика, математика, анатомия, 3-D компьютерлік модельдеу, тіпті слесарлық пен фрезерлік, гравюра өнері саласындағы білімдерін пайдаланады.
Егер таныстарыңыздың арасында тіс техниктері болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
🫲1947 жылы 25 шілдеде Прагада Бірінші дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі ресми түрде ашылды. Өз тарихындағы ең ұзақ (алты аптаға жуық) болған алғашқы фестиваль 71 елден 17 000 қатысушыны жинады. Тарихта әлем бойынша барлығы он тоғыз дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі өткізілді. Соңғысы 2017 жылы Сочиде өтті. Оған Қазақстаннан 130 делегат қатысты.
👥25 шілде қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. Бүгін байкерлер қауымдастығының және Қазақстан географиялық қоғамының президенті Дмитрий Петрухин 67 жасқа толды. Ол мотоциклмен 200 мың шақырымдық жолды бағындырған әлемдегі алғашқы байкер. 2004-2011 жылдары ол өзінің «темір тұлпарын» бүкіл әлемді шарлап, мотоцикл тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сонымен қатар бүгін ауыр атлетикадан әлемнің үш дүркін чемпионы, бірнеше әлемдік рекорд орнатқан Зульфия Чиншанло 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. 16 жасында ол әлем чемпионаты тарихында ең жас жеңімпаз ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Спортшы 17 жасында әлем чемпионы болған Илья Ильинді өз жетістігімен басып озды.
Туған күн иелеріне зор денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз!