«Үйде жатпа» күнтізбесі. 25 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 сентября, 2023


🪪25 қыркүйек — Дүниежүзілік фармацевт күні. Бұл — денсаулық сақтау саласына үлес қосып жүрген 4 миллионға жуық жанның кәсіби мерекесі. Көптеген адам фармацевттерді дәріхана кассасының артында тұрып, адамдарға дәрі сататын адам деп ойлайды. Алайда фармацевт – емделуші мен дәрігерлер арасындағы маңызды буын. Ол дәрілік заттарды дайындаумен және дұрыс қолданумен айналысады. Сонымен қатар олардың қасиеттері мен әсерін жақсы біледі. 

Бүгін дәріханаға жолыңыз түссе, фармацевттерді кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

💡25 қыркүйек адамдарға кеуде қуысын тексеруден өтуді еске салу үшін Дүниежүзілік өкпе күні де аталып өтеді. Туберкулез, бронхит, астма сияқты аурулардан басқа, COVID-19-бен бірге  өкпеге жаңа қауіптер пайда болды. Темекі шегу, қоршаған ортаның ластануы, тұрақты түрде салқын тигізу, стресс және әлсіз иммунитет өкпе ауруларына әкеледі. Дәрігерлер суық тигізуден сақтануға, дұрыс ұйықтауға, тұрақты тамақтануға және денеге қалыпты физикалық белсенділік танытуға кеңес береді. 

 

Өзіңізге қамқор болыңыз және деніңіз сау болсын!

🎉25 қыркүйек — Дүниежүзілік арман күні. Адамның алға қойған мақсаттарына жетуі өзін-өзі бағалауға, ішкі үйлесімділік пен тепе-теңдікті сезінуге әкеледі. Әрине, арманға жету жолында кедергілерді жеңу керек. Өзіңізді әрдайым шыңдап отыру әрі өз күшіңізге сену сіздің маңызды мақсаттарға жетуіңізге көмектеседі. Өйткені үлкен жеңіс кішкентай қадамдардан тұрады.

 

Барлық арманыңыз орындалсын және ең бастысы үйде жатпаңыздар!

👏25 қыркүйек екі танымал актердің туған күні. Бүгін екі мәрте Оскарды, алты рет Алтын глобусты және Эмми сыйлығын иеленген актер Майкл Дуглас 79 жасқа толды. Өнер иесі «Человек-муравей”, “Starперцы”, “Уолл-стрит” және “Основной инстинкт” фильмдерімен танымал болды. Майкл өзінен 25 жас кіші актриса Кэтрин Зета Джонстың күйеуі. Бүгін — оның да туған күні. Сондай – ақ бүгін Голливуд тарихындағы алғашқы актер Уилл Смит 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оның тоғыз фильмінің әрқайсысы 100 миллион АҚШ долларынан астам ақша жинады. 2008 жылы Уилл Forbes-тің ең көп жалақы алатын актерлер тізімінде бірінші орынға шығып, бір жыл ішінде 80 миллион доллар табыс тапты. Ол “Оскар” сыйлығын иеленіп, «Король Ричард» фильміндегі рөлі үшін АҚШ киноактерлер гильдиясын және «Алтын глобус» марапатында “Үздік актер» номинациясын иеленді. Сонымен қатар хип-хоп орындаушысы ретінде екі мәрте Грэмми сыйлығыныңиегері атанды. 

 

Сізге қай актер ұнайды: Майкл Дуглас немесе Уилл Смит?