«Үйде жатпа» күнтізбесі.25 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 Желтоқсан, 2023


🦾44 жыл бұрын Ауған соғысы басталды. 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлері Ауғанстанға кіре бастады. Тарихшылар бұны КСРО үшін мән-мағынасыз әрі Ұлы Отан соғысынан кейінгі ең қанды шайқастардың бірі болғанын атап өтті. Себебі мұнда оппозициялық күшті басу мүмкін болмады. Сәйкесінше, Ауғанстан ішінде саяси тұрақтылық жойылып, ары қарай ел ішіндегі азаматтық соғысқа жалғасты. 

1979-1989 жылдар аралығында Қазақстаннан Ауған соғысына 21 239 жауынгер қатысып, олардың 947-cі қаза тапты. Ал 1770 адам жарақат алды.

🎖2017 жылы 25 желтоқсанда жыл сайын ұйымдастырылатын «Asian Chess Excellence Awards» сыйлығының марапаттау рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Азияның үздік ойыншы-қызы атанды. Бұл іс-шара БАӘ-де өткен Азия шахмат саммиті аясында өтті. Халықаралық әйелдер гроссмейстері Динара Сәдуақасова 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы. Сонымен қатар Азия чемпионы. Өткен жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қала берді өз еркімен «ЮНИСЕФ» ұйымының ұлттық елшісі болды. Ол Қазақстанның ең үздік үш шахматшысының қатарына кіреді.

 

Қазақ шахматшыларының тағы қайсысын білесіз?

 

🎄25 желтоқсан – шыршаның мерекелік шарларын сыйға тарту күні аталып өтеді. Жаңа жыл мерекесіне орай, достарыңыз бен әріптестеріңізге, балаларыңызға және ата-аналарыңызға шыршаға арналған ойыншықтарды тарту ету тамаша сыйлықтың бірі болмақ. Ойыншықты арнайы дүкендерден сатып алуыңызға болады. Ал қолдан жасасаңыз, тіпті керемет. Бұл қарапйым сыйлық болғанымен, кез келген адамға жағымды эмоция сыйлайтыёны рас. Аталмыш мереке Германиядан бастау алған. Аңыз бойынша, бұл дәстүрді неміс реформаторы Мартин Лютер енгізген.

 

Сіз жаңа жыл мерекесінде үйіңізге шырша қойып, безендіресіз бе? 

👥25 желтоқсан өмірге келген қазақтың танымал тұлғалары. 133 жыл бұрын қоғам және саяси қайраткер Мұстафа Шоқай (1890-1941) дүниеге келді. Ол ақсүйектер отбасында тәрбиеленіп, мұсылмандық және зайырлы білім алды. Саяси қайраткер орыс, ағылшын, француз, поляк және түркі тілдерін жетік меңгерген. Революцияға дейін Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясының хатшысы қызметін атқарды.  Мұстафа Алашорда үкіметі мен Түркістан автономиясының құрамына кірді. Большевиктерді жеңгеннен кейін Түркияда, Францияда және Германияда тұрып, мұсылман оппозициясының жетекшісі болды. 84 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы әрі ақын Фариза Оңғарсынова (1939-2014) дүниеге келді. Ол бірқатар поэтикалық кітаптар мен басылымдардың авторы, Абай сыйлығының лауреаты. Ол қоғам қайраткері ретінде де белгілі. Ақын Астанадағы Ұлттық пантеонда  Қабанбай батыр кесенесінің жанында жерленген.

Сіздің қалаңызда Мұстафа Шоқайдың есімімен аталған қандай орындар мен ғимараттар бар?