👀44 жыл бұрын Ауған соғысы басталды. 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлері Ауғанстанға кіре бастады. Тарихшылар бұны КСРО үшін мән-мағынасыз әрі Ұлы Отан соғысынан кейінгі ең қанды шайқастардың бірі болғанын атап өтті. Себебі мұнда оппозициялық күшті басу мүмкін болмады. Сәйкесінше, Ауғанстан ішінде саяси тұрақтылық жойылып, ары қарай ел ішіндегі азаматтық соғысқа жалғасты. 1979-1989 жылдар аралығында Қазақстаннан Ауған соғысына 21 239 жауынгер қатысып, олардың 947-cі қаза тапты. Ал 1770 адам жарақат алды.
🌚2017 жылы 25 желтоқсанда жыл сайын ұйымдастырылатын «Asian Chess Excellence Awards» сыйлығының марапаттау рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Азияның үздік ойыншы-қызы атанды. Бұл іс-шара БАӘ-де өткен Азия шахмат саммиті аясында өтті. Халықаралық әйелдер гроссмейстері Динара Сәдуақасова — 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы. Сонымен қатар Азия чемпионы әрі 2022 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қала берді өз еркімен «ЮНИСЕФ» ұйымының ұлттық елшісі болды. Ол Қазақстанның ең үздік үш шахматшысының қатарына кіреді.
Қазақ шахматшыларының тағы қайсысын білесіз?
🎄25 желтоқсанда жаңа жылдық шыршаға арналған мерекелік шарларды сыйға тарту күні аталып өтеді. Мереке қарсаңында достарыңыз бен әріптестеріңізге, балаларыңызға және ата-аналарыңызға шыршаға арналған ойыншықтарды тарту ету — тамаша сыйлықтың бірі болмақ. Ойыншықты арнайы дүкендерден сатып алуыңызға болады. Ал қолдан жасасаңыз, тіпті керемет. Бұл қарапайым сыйлық болғанымен, кез келген адамға жағымды көңіл-күй сыйлайды. Аталмыш мереке Германиядан бастау алған. Аңыз бойынша, бұл дәстүрді неміс реформаторы Мартин Лютер енгізген.
Сіз Жаңа жылда үйіңізге шырша қоясыз ба?
👥25 желтоқсан — қазақтың әйгілі қос тұлғасының туған күні. 134 жыл бұрын қоғам және саяси қайраткер Мұстафа Шоқай (1890-1941) дүниеге келді. Ол ақсүйектер отбасында тәрбиеленіп, мұсылмандық және зайырлы білім алды. Саяси қайраткер орыс, ағылшын, француз, поляк және түркі тілдерін жетік меңгерді. Революцияға дейін Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясының хатшысы қызметін атқарды. Мұстафа Алашорда үкіметі мен Түркістан автономиясының құрамына кірді. Большевиктерді жеңгеннен кейін Түркияда, Францияда және Германияда тұрып, мұсылман оппозициясының жетекшісі болды. Сонымен бірге 85 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы әрі ақын Фариза Оңғарсынова (1939-2014) өмірге келді. Ол бірқатар поэтикалық кітап пен басылымдардың авторы, Абай сыйлығының лауреаты. Сондай-ақ қоғам қайраткері ретінде де белгілі. Ақын Астанадағы Ұлттық пантеонда Қабанбай батыр кесенесінің жанында жерленген.
Сіздің қалаңызда Мұстафа Шоқайдың есімімен аталған қандай орындар мен ғимараттар бар?