🙌 26 ақпан — Дүниежүзілік асығыстық танытпау күні. Аталмыш мереке 2007 жылы Италияда пайда болды. Осылайша танымалдылығы басқа елдер арасында да кең етек жайды. Қазіргі таңда адамдар үнемі бір жерге асығып жүреді. Сондықтан өмірдегі қуанышты сәттерін жиі сағынып жатады. Ал бұл күннің мақсаты — кідіріс жасау, айналаға бір сәт көз жүгіртіп, қарапайым нәрселерден ләззат алуға шақырады.
👏 Бүгін – әйнек жуушылардың кәсіби мерекесі. Заманауи қалаларда биік ғимараттар өте көп. Ал олардың көпшілігі үнемі тазалауды қажет етеді. Мұны осы саланың мамандары жасайды. Олардың жұмысы шеберлік пен батылдықты талап етеді.
Егер таныстарыңыздың арасында әйнек жуушылар болса, халықаралық мерекесімен құттықтап қойыңыз!😍👍
👌 Бүгін жаңғақ әуесқойлары — Дүниежүзілік пісте күнін атап өтеді. Пістенің 6500-7000 жылдық тарихы бар. Парсы елінде бұл — өте ауқатты адамдар ғана ала алатын дәмді тағамдардың бірі болды. “Пісте” сөзі иран тілінен шыққан. Сөзбе-сөз аударатын болсақ, “күлімсіреп тұрған жаңғақ” деп аударылады. Бүгінде Иран елі осы жаңғақ түрін өндірудің тарихи отаны болғандықтан, көш бастап тұр. Сонымен қатар АҚШ, Түркия және Қытай мемлекеттерін де атап өтуге болады.
Сізге қайсы ұнайды: пісте немесе жержаңғақ?
👥26 ақпан өмірге келген танымал адамдар. 222 жыл бұрын француз жазушысы, ақыны, прозашысы және драматургі, француз романтизмінің жетекшісі және теоретигі Виктор Гюго (1802-1885) дүниеге келді. Ол — “Собор Парижской Богоматери”, “Человек который смеется”, “Отверженные” және т.б. әйгілі шығармалардың авторы. Сонымен қатар бүгін түрік саяси және мемлекет қайраткері Режеп Тайып Ердоған 70 жасқа толды. 2014 жылдан бастап ол Түркия Республикасын басқарып келеді. Нақтырақ айтсақ, 12-ші Президенті. Ал бұған дейін, яғни 2003-2014 жылдары — Түркияның премьер-министрі болса, 1994-1998 жылдары Ыстамбұл мэрі қызметін атқарған. Режеп Тайып Ердоған қазақтың «Алтын Қыран» және «Достық» ордендерінің иегері.
Виктор Гюгоның қандай шығармаларын оқыдыңыз?