👣26 ақпан — Дүниежүзілік асығыстық танытпау күні. Бұл күн 2007 жылы Италияда пайда болып, аз уақыт ішінде басқа елдерде де қолдау тапты. Қазіргі таңда адамдар үнемі бір жерге асығып жүреді. Сол себепті өмірдің қуанышты сәттерін байқамай қалуы мүмкін. Аталған мереке бізге бір сәт тоқтап, айналамызға көз тастап, қарапайым, бірақ маңызды нәрселерге қуана білудің қажеттілігін еске салады.
👏Бүгін – әйнек жуушылардың кәсіби мерекесі. Бүгінде ірі қалаларда аспанмен таласқан зәулім ғимараттар өте көп. Олардың көпшілігі үнемі тазалауды қажет етеді. Сондықтан бұл – ерекше шеберлікті, ептілікті және батылдықты талап ететін мамандық.
Егер таныстарыңыздың арасында әйнек жуушылар болса, халықаралық мерекесімен құттықтап қойыңыз!
😻Бүгін жаңғақ сүйер қауым дүниежүзілік фисташка күнін атап өтеді. Пістенің 6500 жылдық тарихы бар. Ежелгі Парсыда бұл жаңғақ тек дәулетті адамдар тұтынатын ерекше тәтті ретінде бағаланған. “Фисташка” сөзі иран тілінен шыққан, ол тура мағынасында “күлімсіреп тұрған жаңғақ” деп аударылады. Бүгінде Иран елі осы жаңғақты өндіруден көш бастап тұр. Сонымен қатар АҚШ, Түркия және Қытай мемлекеттері де қалыс қалмайды.
Сізге қайсы ұнайды: фисташка немесе жержаңғақ?
👥26 ақпанда өмірге келген танымал адамдар. 223 жыл бұрын француз жазушысы, ақын, прозашы және драматург, француз романтизмінің жетекшісі және теоретигі Виктор Гюго (1802-1885) дүниеге келді. Ол — “Собор Парижской Богоматери”, “Человек который смеется”, “Отверженные” және т.б. әйгілі шығармалардың авторы. Сонымен қатар бүгін түрік саяси және мемлекет қайраткері Режеп Тайып Ердоған 71 жасқа толды. Ол 2014 жылдан бастап Түркия Республикасын басқарып келеді. Яғни, елдің 12-ші президенті. 2003-2014 жылдары Түркияның премьер-министрі болып қызмет атқарды, ал 1994-1998 жылдары Ыстамбұл мэрі лауазымында болды. Режеп Тайып Ердоған қазақтың «Алтын Қыран» және «Достық» ордендерінің иегері.
Виктор Гюгоның қандай шығармаларын оқыдыңыз?