☑️ Бүгін — Халықаралық кеден күні. 1953 жылы 26 қаңтарда Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымының бірінші отырысы өтті. Оған бүгінгі таңда 184 мемлекет кіреді. Кеденнің негізгі міндеттері — экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, материалдық және мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге, қару-жарақ, есірткі заттарын әкелуге жол бермеу, контрабандаға қарсы тұру, бюджетке кедендік төлемдерді төлеу жүйесін қамтамасыз ету, азаматтар мен көлік құралдарының өтуін ұйымдастыру.
Кеденші таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
☑️ Бүгін — Дүниежүзілік экологиялық білім күні де аталып өтеді. Қазіргі әлемде экологиялық білім беру мәселесінің өткір болғаны сонша, бұл күн жылына екі рет – 26 қаңтар мен 14 қазанда тойланады. Экологиялық білім беруді дамытудың негізгі серпіні 1972 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған — Стокгольм декларациясы. Конференцияда тұрақты даму тұжырымдамасы алғаш рет талқыланып, бүгінгі күнге бағдар беретін декларацияда қоршаған ортаны қорғаудың 26 қағидасы аталды.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
☑️ 26 қаңтар — ерекше мереке — кездейсоқ бағыттар күні. Әрбір адам өзінің айналасында өмір жолының дұрыс бағытын көрсететін және болашақты болжай алатын ерекше белгілерді көре алады. Егер сіз белгілерге мұқият қарасаңыз, олар жақсы мүмкіндік әкеледі. Бұл күні кездейсоқтыққа сенуге тырысыңыз, мүмкін сіз қиын жағдайдан шығудың жолын таба аласыз немесе жай ғана жаңа сезімдерді сезінесіз.
Сіз тағдырдың белгілеріне сенесіз бе?
☑️26 қаңтар дүниеге келген танымал тұлғалар. 102 жыл бұрын жапондық кәсіпкер және өнертапқыш, SONY компаниясының негізін қалаушы — Акио Морита (1921-1999) дүниеге келді. Морита көптеген жапондықтар үшін үлгі тұтар адам болды. Оның бизнеске деген көзқарасы тіпті университеттерде де зерттеледі. Жұмысының арқасында «Made in Japan» тіркесі бүкіл әлемде сапаның кепілі болды.
Сондай-ақ 75 жыл бұрын қазақ әдебиетіндегі алғашқы және жалғыз әйел фантаст жазушысы — Нарбин Кенжеғұлова (1948-2022) дүниеге келді. Ол «Мойылқара», «Қиын шешім», «Жерұйыққа саяхат», «Қызыл сәуле», «Тысяча одна ночь и тысяча один день» романының және басқа да кітаптардың авторы. Көптеген қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударды.
Үйде SONY техникасының қайсысы бар?