«Үйде жатпа» күнтізбесі. 26 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 26 Қараша, 2023


🤩26 қараша – Халықаралық семіздікпен күрес күні. Дүниежүзінде 2 миллиардтан астам адам артық салмақпен арпалысып жүр. Оның 2,8 миллионы қайтыс болған. Семіздіктің басты себебі қозғалыссыз жүру және дұрыс тамақтанбаудан туындайды. Сәйкесінше бұл қант диабеті мен остеоартроз ауруының артуына, инсульт пен инфаркттың асқынуына әкеледі. Қазақстан халқының 20% – ы семіздіктен зардап шегеді. Олардың арасында жастар саны жыл сайын артып келеді.  

 

Біздің видеоларымызды тамашалап, белсенді өмір салтын ұстаныңыз! https://youtube.com/shorts/XLzdiUIH4qA?si=nYr-J6D3XDu0Ts3O

👀26 қараша – Дүниежүзілік ақпарат күні. “Ақпаратқа ие адам – әлемге иелік етеді” деген атақты нақыл сөз бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда цифрлық дамудың арқасында оның саны күн сайын артып келеді. Бірақ соңғы кездері психологтар оқыған ақпаратты, оның сапасы мен көлемін бақылай алмау “ақпараттық күйзеліске” әкелетінін жеткізді. Ал бұл әлеуметтік салдар мен денсаулыққа кері әсерін тигізетінін айта кеткен жөн. 

 

Сол себепті әрдайым қажетті әрі дамуыңызға әсер ететін ақпаратты оқығаныңыз дұрыс!

🎉26 қараша – Халықаралық етікшілер күні. Бұл – аяқ киімді жобалаумен және тігумен айналысатын қолөнершілердің, сондай-ақ осы өндіріспен айналысатын жұмысшылардың мерекесі. Бүгінде аталмыш маман иелерінің арқасында дүкенде түрлі талғамға сай, бірнеше үлгідегі аяқ киімдерді кездестіруге болады. Сонымен қатар олар аяқ киімдерді жөндей отырып, оларға екінші тіпті үшінші өмір сыйлай алады. Сондықтан да етікшілер ерте кезден абыройлы әрі сұранысқа ие маман иелері болды. 

 

Егер аяқ киім тігетін таныстарыңызды білсеңіз, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

🎤26 қараша өмірге келген танымал әншілер. 84 жыл бұрын американдық әнші, композитор, актриса әрі биші Тина Тернер (1939-2023) дүниеге келді. Өнер иесі сегіз мәрте Грэмми сыйлығын иеленді. Ол өзінің шеберлігі, темпераменті және сахналық ерекшелігі үшін «рок-н-ролл ханшайымы» атағын алады. Ал «Rolling Stone» журналы оны заманауи ең беделді әншілерінің қатарына қосты. Тина әлемдегі ең үздік бишілердің ондығына кіреді. Сондай – ақ бүгін британдық әнші, композитор және косовар тектес актриса Рита Ора 33 жасқа толды. Оның 2012 жылдың тамызында шыққан EPA дебюттік студиялық альбомы Ұлыбританияның хит-парадында бірінші орынға шықты. 2018 жылы жарыққа шыққан «Phoenix» альбомы әншіні Ұлыбританияның алғашқы жеке орындаушысы етті. Өнер иесінің 13 әні елдің басты хит-шеруінің алғашқы ондығына кірді. 2016 жылы Рита «американдық стильдегі топ-модель» шоуының жаңа жүргізушісі болды.

 

Сізге қай әнші ұнайды?