«Үйде жатпа» күнтізбесі. 26 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 26 мая, 2024


🤝Мамыр айының соңғы жексенбісі Қазақстанның химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Химиялық білімді дұрыс пайдалану адамзатқа қазіргі заманның ең маңызды мәселелерін, соның ішінде азық-түлік, энергетика, экология салаларын шешуге мүмкіндік береді. Бұл мереке әртүрлі мамандықтағы адамдарды – технологтарды, инженерлерді, экологтарды, ғалымдар мен зерттеушілерді, фармацевтерді, радиохимиктер мен химия өнеркәсібін зерттеуге арнағандардың басын қосады.

 

Егер таныс химиктеріңіз болса, оларды мерекемен құттықтаңыз!

✍️1856 жылы 26 мамырда Шоқан Уәлиханов “Көкетай ханның асы” аңызының бір бөлігін қағазға түсіреді. Бұл күн “Манас” эпосының алғашқы жазбасы ретінде тарихқа енді. Ғалым эпосқа “Манас” – ежелгі даланың “Илиадасына” ұқсас қырғыз мифтері мен аңыздарының энциклопедиясы” деп баға берді. Қазіргі уақытта “Манас” эпосы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жауһарларының тізіміне, сондай-ақ әлемдегі ең көлемді эпопея ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. “Манас” эпосын дамытуға жазушы Мұхтар Әуезов пен академик Әлкей Марғұлан да үлес қосты. 

💃26 мамыр — Дүниежүзілік қызғылт сары шашты адамдар күні. Жер бетіндегі 1-2% адам сепкілге, ақшыл теріге, қызыл-қызғылт сары немесе қоңыр шашқа ие. Мұндай адамдар күн сәулесі аз болатын аймақтарда жиі кездеседі. Қазақтардың арасында да қызғылт сары адамдар бар. Ең танымал қызыл шашты тұлғаларға — Шыңғысхан, Кристофер Колумб, Леонардо да Винчи және Джордж Вашингтон жатады. 

Сіздің ойыңызша ерте заманда қазақтардың көк көзді, аққұба болғаны рас па? 

👥26 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 96 жыл бұрын “Өлім дәрігері” деген атпен танымал америкалық дәрігер Джек Кеворкиан (1928-2011) дүниеге келді. Ол науқастарға улы дәрі-дәрмек беріп, олардың өлуіне себепші болатын “өзін-өзі өлтіру машинасын” құрастырды. Оны өзіне қол жұмсағысы келетін 130-дан астам науқас қолданды. Алайда оның идеясын дәрігерлер мен билік өкілдері  айыптап, медициналық лицензиясынан айырады. Осылайша ол “адам өлтірді” деген айып арқалады. Содан соң бас бостандығынан айырылып, абақтыға қамалды. Сонымен қатар бүгін кино және театр саханасында талай рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір 74 жасқа толды. Оны “Ағайынды” сериалындағы Ерсайна ретінде танитын шығарсыз. Актердың қатысуымен өткен соңғы туынды – “Құнанбай”. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері.