👤1856 жылы 26 мамырда Шоқан Уәлиханов “Көкетай ханның асы” аңызының бір бөлігін қағазға түсірді. Бұл күн “Манас” эпосының алғашқы жазбасы ретінде тарихқа енді. Ғалым эпосқа “Манас” – көне даладағы “Илиада” секілді, қырғыздың мифтері мен аңыздарының энциклопедиясы. Қазіргі уақытта “Манас” эпосы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жауһарларының тізіміне, сондай-ақ әлемдегі ең көлемді эпопея ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. “Манас” эпосын дамытуға жазушы Мұхтар Әуезов пен академик Әлкей Марғұлан да үлес қосты.
🗣26 мамыр — Дүниежүзілік қызғылт шашты адамдар күні. Жер бетінде адамдардың небәрі 1–2%-ында ақшыл, секпіл басқан тері, мыс түстес, қызғылт-сары немесе ашық қоңыр шаш болады. Бұл фенотип өкілдері, әдетте, күн сәулесі аз түсетін аймақтарда жиі кездеседі. Қазақтар арасында да қызыл шашты жандар кездеседі. Тарихтағы ең танымал қызыл шашты тұлғалар қатарында Шыңғыс хан, Христофор Колумб, Леонардо да Винчи мен Джордж Вашингтонның есімі аталады.
Сіздің ойыңызша ерте заманда қазақтардың көк көзді, аққұба болғаны рас па?
👀Бүгін фантастика жанрын сүйетіндер үшін ерекше күн – Дүниежүзілік Дракула күні.
1897 жылдың 26 мамырында Брэм Стокердің әлемдегі ең қанқұйлы құбыжықтардың бірі туралы қорқынышты романы жарық көрді. Дракуланың образын жазуға шабыт берген тұлға – қазіргі Румыния аумағындағы Валахия билеушісі Влад III Басараб. Оны “Цепеш” деп атаған – румын тілінен аударғанда “қазық” деген мағынаны білдіреді. Тарихи деректерге сүйенсек, ол билігі кезінде шамамен 100 мың адамды қазыққа отырғызып өлтірген.
Дракуланың бейнесі сан мәрте фильмдер мен көркем туындыларда көрініс тапқан.
Ал сізге вампирлер туралы қандай фильм ұнайды?
👥26 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 97 жыл бұрын “Өлім дәрігері” деген атпен танымал америкалық дәрігер Джек Кеворкиан (1928-2011) дүниеге келді. Ол науқастарға улы дәрі-дәрмек беріп, олардың өлуіне себепші болатын “өзін-өзі өлтіру машинасын” құрастырды. Оны өзіне қол жұмсағысы келетін 130-дан астам науқас қолданды. Алайда оның идеясын дәрігерлер мен билік өкілдері айыптап, медициналық лицензиясынан айырады. Осылайша ол “адам өлтірді” деген айып арқалады. Содан соң бас бостандығынан айырылып, абақтыға қамалды. Сонымен қатар бүгін кино және театр саханасында талай рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір 75 жас мерейтойын атап өтеді. Оны “Ағайынды” сериалындағы Ерсайна ретінде танитын шығарсыз. Актердың қатысуымен өткен соңғы туынды – “Құнанбай”. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері.