🌝26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аталып өтеді. БҰҰ мәліметінше, соңғы 10 жылда нашақорлар саны 22 пайызға артқан. Әлемде 275 миллион нашақор болса, оның 18 мыңнан астамы қазақстандықтар. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да аз емес. Есірткіден көз жұмғандар саны бойынша Қазақстан әлемнің 93 елі арасында 33-орында тұр. Көріп отырғанымыздай, есірткі мафиясымен күресу үшін тек полицияның шаралары жеткіліксіз. Оған тек халықтың өзі ғана нүкте қоя алады.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🕊Сонымен қатар бүгін халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні. БҰҰ бұл күнді азаптауды жою және 1987 жылы 26 маусымда күшіне енген Адамды азаптауларға, басқа да қатыгез және ар-намысты қорлайтын әрекеттерге қарсы конвенцияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында атап өтеді. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда жаппай тұтқындаулар орын алды. Прокуратураға құқық қорғау органдарының азаматтарды азаптау және құқықтарын бұзу фактілері туралы арыздар келіп түсті, олардың кейбір фактілері расталды.
🌚Бүгін тіс щеткасының пайда болған күні. Адам ерте заманнан ауыз қуысының гигиенасына қамқорлық танытты. Бұл үшін олар түрлі құрылғыларды пайдаланды. Атап айтатын болсақ, матаның бөліктерінен бастап бұтақтар мен таяқтардан жасалған арнайы щеткаларға дейін қолданыста болды. Ал 1770 жылы 26 маусымда ағылшын Уильям Эдис конструкциясы бүгінгідей болған қымбат емес тіс щеткаларының өнеркәсіптік өндірісін іске қосты.
Сіз қандай тіс щеткасын қолданасыз?
👥26 маусым — атақты екі әншінің туған күні. Бүгін OneRepublic ән жазушысы әрі вокалисті Райан Теддер 45 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі Адель, Бейонсе, Дженнифер Лопес, Элли Гулдинг, Марун 5 және тағы басқа әншілердің әндерінің авторы ретінде белгілі. Ол 9 мәрте Грэммиге ұсынылып, оның үшеуін жеңіп алды. 2014 жылы Billboard оны “Поптың құпия патшасы” деп атады. Сонымен қатар бүгін ерекше дауыс тембрі бар америкалық әнші Ариана Гранде 31 жасқа толды. Оның кәсіби мансабы бала кезінде Nickelodeon арнасынан бастау алды. Бүгінде ол альбом жазып, фильмдерде, телехикаяларда және театрда өнер көрсетеді. 2019 жылы Ариана Givenchy сән үйінің бет-бейнесіне айналды.
Сізге кім ұнайды: Арина Гранде немесе Райан Теддер?