🙌26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аталып өтеді. БҰҰ мәліметінше, кейінгі 10 жылда нашақорлар саны 22 пайызға артқан. Әлемде 275 миллион нашақор болса, оның 18 мыңнан астамы қазақстандықтар. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да аз емес. Есірткіден болатын өлім-жітім бойынша Қазақстан 93 елдің ішінде 33-орында тұр. Көріп отырғанымыздай, нашақорлықпен күресте тек құқық қорғау шаралары жеткіліксіз. Оған халықтың өзі ғана нүкте қоя алады.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
😨Сонымен қатар бүгін халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні. Бұл күнді БҰҰ адамға жасалатын азаптаулар мен ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді жою мақсатында атап өтеді. 1987 жылдың 26 маусымында Азаптауға қарсы конвенция күшіне енді. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда жаппай тұтқындау орын алды. Прокуратураға құқық қорғау органдарының азаматтарды азаптау және құқықтарын бұзу фактілері туралы арыздар келіп түсті, олардың кейбір фактілері расталды.
👍Бүгін — тіс щеткасының пайда болған күні. Адамзат ауыз қуысының гигиенасына ерте кезден бастап мән берген. Ол үшін әртүрлі заттарды қолданған – матаның қиындылары, бұтақтар мен таяқшалардан жасалған арнайы тазалағыштар. Дегенмен оларды пайдалану әрдайым ыңғайлы бола бермеген. 1770 жылы 26 маусымда ағылшын азаматы Уильям Эддис алғашқы арзан әрі қолжетімді тіс щеткасын өнеркәсіптік жолмен өндіре бастады. Оның ойлап тапқан щеткасы қазіргі үлгіден айтарлықтай ерекшеленбейді.
Сіз қандай тіс щеткасын қолданасыз?
👥26 маусым — атақты екі әншінің туған күні. Бүгін OneRepublic ән жазушысы әрі вокалисі Райан Теддер 46 жасқа толды. Өнер иесі Адель, Бейонсе, Дженнифер Лопес, Элли Голдинг, Maroon 5 секілді әлем жұлдыздарына арнап ән жазған. Райан тоғыз рет “Грэмми” сыйлығына ұсынылып, оның үшеуін жеңіп алған. 2014 жылы Billboard басылымы оны “Поп-музыканың құптя королі” деп атады. Сонымен қатар бүгін ерекше дауыс тембрі бар америкалық әнші Ариана Гранде 32 жасын атап өтеді. Оның кәсіби мансабы бала кезінде Nickelodeon арнасынан бастау алды. Бүгінде ол альбом жазып, фильмдерде, телехикаяларда және театрда өнер көрсетеді. 2019 жылы Ариана Givenchy сән үйінің бет-бейнесіне айналды.
Сізге кім ұнайды: Арина Гранде немесе Райан Теддер?