«Үйде жатпа» күнтізбесі. 26 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 26 Маусым, 2022


☑️ Бүгін – есірткіні пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні. 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 26-шы маусымда есірткіден азат халықаралық қоғам құру мақсатында қаулы шығарды. БҰҰ мәліметтері бойынша, соңғы 10 жылда есірткіге тәуелділер саны 22 пайызға өсті. Әлемде 275 миллион нашақор бар, олардың арасында кәмелетке толмағандар көп. Нашақорлыққа қарсы күресте тек полиция шаралары жеткіліксіз. Оны адамдардың өздері ғана тоқтата алады.

Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында телеграмда @stopnarkotikkzbot ботына немесе Whatsapp-та  +7 700 520 01 01 нөміріне жазу арқылы қазақстандықтар есірткіге байланысты кез келген мәліметтерді хабарлай алады.

☑️1997 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 26-шы маусымды азаптау құрбандарын қолдау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық күні деп жариялады. Бұл күн азаптауды жою және 1987 жылғы 26-шы маусымда күшіне енген 1984 жылғы азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенцияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Қаңтар айындағы митингілерден кейін Қазақстанда жаппай ұстау шаралары өтті. Осы оқиғалар бойынша прокуратура органдарына азаптау және азаматтардың құқықтарын бұзу туралы шағымдар келіп түсті, ал оқшаулағыштарда азаптау салдарынан адамдар қайтыс болды. Ведомство митингілер кезінде ұсталғандарға қатысты азаптау және билікті асыра пайдалану туралы тергеу бастады.

☑️Бүгін тіс щеткасының туған күні. Осы таныс нәрсе қалай пайда болғандығы туралы ешқашан ойламаймыз. Дегенмен іс жүзінде оның өзіндік құрылу, жетілдіру және қайта құру тарихы бар. Тіс щеткасы 1498 жылы ойлап табылғаны белгілі. Қымбат емес тіс щеткаларының өнеркәсіптік өндірісін 1780 жылы ағылшын Уильям Эдис орнатқан. Бұл оқиға 26-шы маусымда болды, сондықтан дәл осы күн қазір тіс щеткасының туған күні ретінде белгілі.

Сіздің тіс щеткаңыз қандай фирмадан?

☑️Бүгін екі танымал әншінің туған күні. 1993 жылы 26-шы маусымда американдық әнші Ариана Гранде дүниеге келді.  Ол өзінің кәсіби мансабын балалық шағында Nickelodeon арнасында бастады, қазір альбомдар жазады, фильмдер, телешоулар мен театрларда ойнайды. 2019 жылы Ариана Givenchy сән үйінің бет-бейнесі болды. Бүгін OneRepublic тобының композиторы және вокалисі Райан Теддер 43 жасқа толды. Адель, Бейонсе, Дженнифер Лопес, Элли Голдинг, Maroon 5 және басқалары үшін ән жазушы ретінде де танымал. Райан 9 Грэммиге ұсынылды, оның 3-ін жеңіп алды. 2014 жылы Billboard оны «поп-музыканың Құпия патшасы»деп атады.

Сізге кім ұнайды, Арина Гранде немесе Райан Теддер?