«Үйде жатпа» күнтізбесі. 26 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 26 Наурыз, 2024


😊Бүгін Арал теңізі күні аталып өтеді. 1993 жылы 26 наурызда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары Халықаралық Аралды құтқару қоры туралы ережеге қол қойып, “Арал теңізі мен Арал өңірінің проблемаларын шешу жөніндегі бірлескен іс-қимылдар әрі Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету” туралы құжатты бекітті. Арал теңізі тартылмай тұрып, балықтың 34 түрі мекендеген дүниежүзіндегі төртінші көл болды.

 

Қалай ойлайсыз, Арал теңізі қайта қалпына келе ме? 

 

🤩26 наурыз – Халықаралық эпилепсиямен ауыратын науқастар күні. Осы күннің негізінде халық аталмыш ауру туралы түрлі миф түсініктен арылып, сауаты артуда. Эпилепсия жұқпалы емес, оның тұқым қуалау көрсеткіші 8%-дан аспайды. Осы тұста бір нәрсені ескерген жөн. Эпилептик жандар сау әрі әдемі балаларды өмірге әкеле алады. Өткен жылы Қазақстанда эпилепсиямен ауыратын 76 мың науқас тіркелсе, оның 27.000-ы балалар болды.

🌚Бүгін медитация әуесқойлары жалғыздық күнін атап өтуде. Адам –  әлеуметтік жаратылыс. Бірақ соған қарамастан кейде коммуникациясы жоғары адамдар да жалғыз қалуға мәжбүр болады. Медитация адамды жағымсыз ойлар мен түрлі эмоциядан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар ми жұмысын жақсартып, психологиялық жағдайды үйлестіруге ықпал етеді. Бұл болашақта қоғаммен өзара әрекеттесуге оң әсерін тигізеді.

 

Ал сіз адамдармен араласпай бір күн жүре аласыз ба?:)

👥26 наурыз – екі атақты тұлғаның туған күні. 134 жыл бұрын қазақ ақыны, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежанов (1890-1954) дүниеге келді. Оның “Толқын”, “Нартай сазы”, “Ахау, жалған”, “Нартайдың әні” және тағы басқа әндері қазақ халқының алтын қорына заңды түрде енді. “Домбыра сазы”, “Өлеңдер мен айтыстары”, “Өсиет”, “Аманат” атты шығарма жинақтары жеке кітап болып жарық көрді. Қызылорда облысының қазақ драма театрына Бекежановтың есімі берілген. 

Сонымен қатар бүгін британдық кино және театр актрисасы Кира Найтли 39 жасқа толды. Жасына қарамастан, ол 50-ге жуық фильмге түсті. Олардың көпшілігі блокбастерлерге айналды. Актриса мансап жолында тапқан ақшасының бір бөлігін қайырымдылық пен әйелдер құқығын қорғау ұйымдарына үлестіріп жүр. 

 

Сізге Кира Найтли түскен қандай фильмдер ұнайды?