🫠Бүгін — Халықаралық радиациялық апат және техногендік катастрофа құрбандарын еске алу күні. 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында жарылыс болып, адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат орын алды. Қоршаған ортаға радиоактивті заттар таралып, пайда болған бұлт Украина, Ресей, Беларусь пен Еуропаның бірнеше еліне дейін жетті. Осы тұста оқиға орнына табан тіреген қызметкерлер одан көп зардап шекті. Оның ішінде Қазақстанның 30 мың өкілі болды. Чернобыль мен Семей ядролық полигонының тарихы адамзатқа мұндай апаттардың зардабын еңсеру үшін ондаған жыл қажет екенін көрсетті.
😁Сәуірдің соңғы сенбісінде Дүниежүзілік ветеринарлар күні аталып өтеді. Адамзат ежелден мал мен үй жануарларын қадір тұтып келген, сондықтан ветеринар мамандығы әрдайым құрметті кәсіп саналған. Бұл туралы балаларға арналған ертегілер мен фильмдердегі Айболит пен Дулитл секілді кейіпкерлерге деген сүйіспеншіліктен-ақ аңғаруға болады. Бүгінде Қазақстанда шамамен 15 мың ветеринар жұмыс істейді. Алайда бұл салада маман тапшылығы әлі де сезіледі. Егер таныстарыңыздың арасында ветеринарлар болса, кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
🤩26 сәуір – Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні. Зияткерлік меншікті қорғаудың басты құралдары — авторлық құқық, жеке тауар белгілері, сондай-ақ әртүрлі патенттер. Олар инновацияларды ілгерілетуге мүмкіндік беріп, инвестиция тартуға жол ашады, жобалар авторларының еңбегін өтеуге және ынталандыруға ықпал етеді. Егер сізде өзіндік өнертабысыңыз, жеке кәсібіңіз болса немесе енді бастағалы жүрсеңіз — зияткерлік меншігіңізді қорғауды ұмытпаңыз. Бұл үшін Ұлттық зияткерлік меншік институтына тіркелуге болады.
👥26 сәуірде өмірге келген атақты адамдар. 125 жыл бұрын ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің іргетасын қалаған ұлттық әдебиет классигі Сәбит Мұқанов (1900-1973) дүниеге келді. Оның кітаптары әлемнің 46 тіліне аударылып, АҚШ Конгресінің және Австралияның Ұлттық кітапханасының төрінен орын тапты. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, продюсер және модель Ченнинг Татум 45 жас мерейтойын атап өтеді. Ол 40-тан астам фильмде, оның ішінде “Сиқырлы Майк”, “Мачо және Ботан”, “Қымбатты Джон”, “Ақ үй Даун” және басқа да фильмдерде басты рөлді сомдады. Өнер иесі 2007 жылы Сергей Бодровтың “Моңғол” эпопеясында Шыңғысханның рөлін сомдауы керек болған. Алайда соңғы сәтте оның орнына Асано Таданобу ойнап шықты.
Сіздің қалаңызда Сәбит Мұқановтың есімімен аталған қандай орындар бар?