«Үйде жатпа» күнтізбесі. 26 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 26 Сәуір, 2023


🙏 Бүгін – Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні. 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясындағы апат тарихтағы ең ірі техногендік апаттардың бірі болды. Радиоактивті заттар қоршаған ортаға түсіп, нәтижесінде пайда болған бұлт Украина, Ресей, Беларусь және бірқатар Еуропа елдерінің аумағына тарады. Алайда оқиға орнына барған қызметкерлер одан көп зардап шекті. Оның ішінде Қазақстанның 30 мың өкілі болды. Чернобыль, Семей ядролық полигонына ұқсас осындай ауқымдағы апаттардың зардаптарын еңсеру үшін ондаған жылдар қажет екенін көрсетті. 

🌝 26 сәуір – Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні. Оны қорғаудың тиімді құралдарына жеке интеллектуалдық жұмыс, тауар белгілері, растайтын құжат және авторлық құқық жатады. Мұның бәрі инновацияның алғы шарты. Олар инвестиция тартады, түрлі жоба авторларының еңбегін өтейді және марапаттайды, жаңа идеялардың тууына ынталандырады. Егер сіздің өз идеяңыздан туындаған өнертабысыңыз немесе жеке бизнесіңіз болса – жеке брендіңізді Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркеуді ұмытпаңыз. 

🫂 Бүгін тағы бір көңілді күн – “Досыңды құшақта күні” аталып өтеді. Адамдар құшақтау арқылы сезімдерін жеткізді. Бұл тәсіл мыңдаған сөздің орнын алмастыра алады. Көбіне адамдар қиын уақытта қолдау көрсетіп, жұбату мақсатында бір-бірін құшақтап жатады. Себебі құшақтаудың адам денсаулығына тигізетін әсері зор. Мәселен, қан қысымы, жүрек соғу жиілігі қалпына келіп, алаңдаушылық сезімін жояды. Сонымен қатар есте сақтау қабілетін жақсартып, көңіл күйді көтереді. 

Сіз жақын жандарыңызды құшақтағанды ұнатасыз ба?

💫 26 сәуір өмірге келген атақты адамдар. 123 жыл бұрын ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің іргетасын қалаған ұлттық әдебиет классигі – Сәбит Мұқанов (1900-1973) дүниеге келді. Оның кітаптары әлемнің 46 тіліне аударылып, АҚШ Конгресінің және Австралияның Ұлттық кітапханасының төрінен орын тапты. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, продюсер және модель – Ченнинг Татум 43 жасқа толды. Ол 40-тан астам фильмде, оның ішінде «Сиқырлы Майк», «Мачо және ботан», «Қымбатты Джон», «Ақ үй Даун» және басқа да фильмдерде басты рөлді сомдады. Өнер иесі 2007 жылы Сергей Бодровтың «Моңғол» эпопеясында Шыңғысханның рөлін сомдауы керек болған. Алайда соңғы сәтте оның орнына Асано ойнап шықты.

Сіздің қалаңызда Сәбит Мұқановтың есімімен аталған қандай орындар бар?