📚1968 жылы 26 шілдеде алғаш рет 6000-ға жуық сөз бен мағынаны қамтитын «Абай тілі сөздігі» шықты. Осыншама сөздердің лексикалық қорында қолданылуы Абайдың әдеби тілінің байлығын айғақтайтынын тіл мамандары атап өтті. Ол әр адамның өмірінде адамгершілік талаптары мен құндылықтарын қалыптастырудың әмбебап мәселелеріне әрқашан ерекше көңіл бөлген. Абай өзінің ең жоғары этикалық мұратын ең алдымен жастарға арналған «Адам бол!» деген қарапайым адамгершілік формуласында білдірді.
💞26 шілде – Аға мен әпке күні. Бұл мереке аналар мен әкелер күні белгіленгеннен кейін пайда болды. Оның бастамашылары адамдар аға, апа сияқты жақын туыстарының рөлін ұмытпауы керек деп есептейді. Кейбір жандар ағасымен немесе тәтесімен жақын болғандықтан, олармен ашық тақырыптарда еркін сөйлесіп кете алады.
Әпкеңіз бен ағаңызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
📝2012 жылдың 26 маусымында Ерасыл Әділбеков Халықаралық «Magic Italiana-2012» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында гран-при жеңіп алды. Қазылар алқасы сол кездегі павлодарлық жас музыканттың дайындығын, орындау қабілеті, әртістік шеберлігін, репертуарын және костюмін жоғары бағалады. Ерасыл бүгінде талай республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған виртуоз домбырашыға айналды.
Сізге ұнайтын домбырашының есімін комментарийге жаза кетіңіз…
🎭26 шілде өмірге келген атақты өнер иелері. Бүгін американдық театр, кино және теледидар актрисасы Сандра Буллок 59 жасқа толды. Ол “Невидимая сторона” фильмінде сомдаған рөлі үшін “Үздік әйел рөлі” номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығын иеленді. Актриса “Восемь подруг Оушена», «Копы в юбках» және «Мисс Конгениальность» фильмдерімен де танымал. Сондай-ақ бүгін британдық актер Джейсон Стэтхэм 56 жасқа толды. Өнер иесі режиссер Гай Ричи, “Перевозчик”, “Неудержимые” және «Форсаж» фильмдерімен көпшілікке танымал. Оның сомдаған кейіпкерлері қатал әрі дөрекі болғанымен, әділеттілікті бірінші орынға қояды. Сол себепті көрермендердің оған деген ықыласы ерекше.
Сіз кімнің жанкүйерісіз: Сандра Буллок немесе Джейсон Стэйтем?