💡Шілде айының соңғы жұмасы – Халықаралық жүйелік әкімші күні. Бұл сала дәрігер мамандығына ұқсайды. Егер бәрі бірқалыпты болса, адамдар оны есіне алмайды. Ал жұмысы тоқтап қалса, бірден жүйелік әкімшіден көмек сұрайды. Оның міндетіне компьютерлік техниканың, желілердің және бағдарламалық жасақтың жұмысын қамтамасыз ету кіреді. Егер сіз осы бағытта оқып жатсаңыз, бұл ғаламшардың кез келген бұрышымен интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған жүйелік әкімшілердің арқасы екенін біліңіз.
Егер таныстарыңыздың арасында жүйелік әкімшілер болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз.
✍️1968 жылы 26 шілдеде алғаш рет 6000-ға жуық сөз бен мағынаны қамтитын “Абай тілі сөздігі” шықты. Осыншама сөздердің лексикалық қорында қолданылуы Абайдың әдеби тілінің байлығын айғақтайтынын тіл мамандары атап өтті. Ол әр адамның өмірінде адамгершілік талаптары мен құндылықтарын қалыптастырудың әмбебап мәселелеріне әрқашан ерекше көңіл бөлген. Абай өзінің ең жоғары этикалық мұратын ең алдымен жастарға арналған «Адам бол!» деген қарапайым адамгершілік формуласында білдірді.
👀26 шілде – Аға мен әпке күні. Бұл мереке аналар мен әкелер күні белгіленгеннен кейін пайда болды. Оның бастамашылары адамдар аға, апа сияқты жақын туыстарының рөлін ұмытпауы керек деп есептейді. Кейбір жандар ағасымен немесе тәтесімен жақын болғандықтан, олармен ашық тақырыптарда еркін сөйлесіп кете алады.
Әпкеңіз бен ағаңызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
👥26 шілдеде өмірге келген атақты өнер иелері. Бүгін америкалық театр, кино және теледидар актрисасы Сандра Буллок 60 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Невидимая сторона” фильмінде сомдаған рөлі үшін “Үздік әйел рөлі” номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығын иеленді. Актриса “Восемь подруг Оушена», «Копы в юбках» және «Мисс Конгениальность» фильмдерімен де танымал. Сондай-ақ бүгін британдық актер Джейсон Стэтхэм 57 жасқа толды. Өнер иесі режиссер Гай Ричи, “Перевозчик”, “Неудержимые” және “Форсаж” фильмдерімен көпшілікке танымал. Оның сомдаған кейіпкерлері қатал әрі дөрекі болғанымен, әділеттілікті бірінші орынға қояды. Сол себепті көрермендердің оған деген ықыласы ерекше.
Сіз кімнің жанкүйерісіз: Сандра Буллок немесе Джейсон Стэйтем?