«Үйде жатпа» күнтізбесі. 26 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 26 декабря, 2022


☑️ Бүгін — әлемнің көптеген елінде сыйлық беру күні аталып өтеді. Сол себепті бұл күні үлкен әрі кіші сауда орталықтарында жоғары сатылымдар болады. Бір қуантарлығы, сыйлық беру күні өзіңізге ұнайтын кез келген затты жарты бағасына сатып алуыңызға мүмкіндік бар. Сондықтан адамдар бұл күнді ерекше күтеді. Сыйлықтар күнінің пайда болуы туралы әртүрлі мәліметтерге кездесеміз. Алайда көпшілігі аталмыш мереке әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға ақша мен сыйлықтар беру әдетінен басталғанын алға тартады. Біздің дүкендер де осы бастамаға қосылып, үлкен жеңілдіктер жасайды деп үміттенеміз.

Ал сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызға сыйлық сатып алдыңыз ба?

☑️18 жыл бұрын цунами тарихында ең қауіпті оқиға болды. 2004 жылы 26 желтоқсан — Үнді мұхитында магнитудасы 9,3 баллдық қуатты жер сілкінісі орын алды. Бұл апат адамзат тарихындағы ең қауіпті апаттардың үштігіне кіреді. Жер сілкінісінің эпицентрі Индонезиядағы Суматра аралына жақын жерде болған. Қуатты сілкіністен 15 метрлік цунами пайда болып, Индонезия, Оңтүстік Индия, Шри-Ланка, Тайланд елдері қатты зардап шекті. Адам шығыны 225 мыңнан 300 мыңға дейін жетеді. Жаңағы үштіктің көшбасында Чили апаты тұр.

☑️1946 жылы 26 желтоқсан — Лас-Вегаста әйгілі Гангстер Багси Сигель салған «Фламинго» казиносы ашылды. Бұл күн Лас-Вегасты ойын-сауық пен ойын бизнесінің әлемдік астанасына айналдырудың бастамасы болып саналады. Бүгінде Лас-Вегаста сексеннен астам казино мен бірнеше мың ойын павильондары бар. Сонымен қатар күнделікті концерттер мен шоулар өтетін көптеген сәнді қонақ үйлерді кездестіруге болады. Әлемге әйгілі көптеген компания презентациялары мен жарнамалық науқандары үшін Лас-Вегасты таңдайды. Сондай-ақ аталмыш қалада бокс жекпе-жектері өтеді.

 

Лас-Вегасқа барғыңыз келе ме?

☑️26 желтоқсан дүниеге келген танымал адамдар. 128 жыл бұрын қазақтың қоғам және саяси қайраткері — Тұрар Рысқұлов (1894-1938) дүниеге   келді. Қазақ зиялыларының жарқын өкілі 1916 жылғы Орталық Азия халықтарының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Кеңес заманында ол бірнеше рет Түркістан түркі этностарының бірлігін сақтау мәселесін көтерді. Сондай-ақ Түркістан — Орталық Азияны мекендеген түркітілдес халықтар үшін ортақ үй екенін дәлелдеді. 1932-1933 жылы Сталинге жазған хаттарында ол Голощекин саясатының салдарын, аштықтан зардап шеккен туған халқының тағдыры туралы ашық жазды. Содан соң Қазақстанға азық-түлік көмегі туралы мәселе шешілді. 1938 жылы Тұрар «халық жауы» деп танылып, оған өлім жазасы кесілді. 

Сонымен қатар бүгін американдық актер және рок-музыкант — Джаред Лето 51 жасқа толды. Ол көптеген марапаттардың иегері. Атап айтатын болсақ, «Оскар», «Алтын глобус» және АҚШ киноактерлер гильдиясының сыйлығын да иеленген. Оған «Александр», «Оружейный барон», «Дом Gucci» және «Морбиус» фильмдеріндегі рөлі танымалдылық алып келді. 

Сіздің қалаңызда Тұрар Рысқұловтың есімі берілген жер бар ма?