💃 27 ақпан — оптимистер күні. Байқап қарасаңыз, кез келген ортадан айналасына үнемі қуаныш сыйлап жүретін оптимист жандарды кездестіруге болады. Олар әрдайым көңілді жүреді. Сол себепті көпшілікпен тіл табысу олар үшін қиынға соқпайды. Сонымен қатар мұндай адамдардың бойынан көшбасшылық қасиет айқын көрініп тұрады. Оптимистер сәтсіздіктерді оңай еңсеріп, оны қалай жеңуге болатынын анық біледі. Ал бұл өз кезегінде күйзелістен алдын алып, келеңсіз жағдайлардан арылуға көмектеседі.
Оқырмандарымыздың арасында оптимистер болса, аталмыш мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
🐶 Ақпан айының соңғы сейсенбісі дүниежүзілік үй жануарларын зарарсыздандыру күні аталып өтеді. Үй жануарларын кастрациялау және зарарсыздандыру — қаңғыбас мысықтар мен иттердің санын азайтудың ең тиімді әдістерінің бірі. Заманауи медицинаның жетістіктерінің арқасында жануарларды кастрациялау өте жылдам орындалады. Операциядан кейін үй жануарларына жасалатын дұрыс күтім оның өмір сүру сапасын бір деңгейде сақтауға көмектеседі.
Ал сіз жануарларды зарарсыздандыруды қолдайсыз ба?
🔥 552 жыл бұрын әлемдегі ең көне банк Monte dei Paschi di Sienа құрылды. Италиядағы Сиена Республикасының Бас Кеңесі оны 1472 жылы 27 ақпанда жағдайы орташа азаматтарға төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беру үшін ашты. Айта кетейік, бұл банк әлі де жұмыс істеп тұр. 2020 жылдың соңында оның 1418 филиалы ашылып, бұған дейін 4 миллион жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсеткен.
Сіз қай банктің қызметіне көбірек жүгінесіз?
🤩 27 ақпан атақты екі тұлғаның туған күні. 92 жыл бұрын англо-америкалық театр әрі кино актрисасы Элизабет Тэйлор (1932 — 2011) дүниеге келді. Ол жұлдызы биікке жарқыраған сәтте “Голливуд патшайымы” атанып, үш мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп алды. Элизабет гонорар құны миллион долларды құрайтын әлемдегі алғашқы актрисалардың бірі болды. Сонымен қатар 85 жыл бұрын жапондық сәнгер және дизайнер, әйгілі Kenzo брендінің негізін қалаушы Кендзо Такада (1939-2020) өмірге келді. Ол Парижде әлемге әйгілі болған — алғашқы азиялық сәнгер. Оның стилін ерекшелеп тұратын элемент — жарқын графикалық баспаларды пайдалануы. Сонымен қатар Kenzo бренді шығарған парфюмерия да кең танымалдыққа ие болғанын атап өту керек.
Сізге қандай парфюмерия ұнайды?