«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 февраля, 2023


☑️ 27 ақпан — оптимистер күні. Кез келген ортадан оптимисттерді кездестіруге болады. Олар әрдайым қызықты, көңілді әрі барлығымен тез тіл табысып кететін жандар. Сонымен қатар бойларында көшбасшылық қасиеттері де айқын көрініп тұрады. Оптимистер сәтсіздіктерді қалай жеңуге болатынын біледі. Ал бұл — стресс пен келеңсіз жағдайлардан алдын алуға көмектесетін пайдалы дағды.

 

Оқырмандарымыздың арасында оптимистер болса, мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

☑️ Бүгін жануарларды сүйетіндер — Халықаралық ақ аю күнін атап өтеді. Бүгінгі таңда әлемде ең ірі құрлық жыртқышының 25 мыңға жуық түрі бар. Ғалымдардың айтуынша, 2050 жылға қарай мұздың еруі мен Арктикадағы мұнай кеніштерін игеру нәтижесінде ақ аюлардың үштен екісі жойылып кетуі мүмкін. Бұл күннің басты мақсаты – ақ аюлардың өмірі туралы ақпаратты бүкіл әлемге тарату және оларды қорғауға бағытталады. 

Сізге аюдың қай түрі ұнайды: ақ немесе қоңыр? 

☑️ 551 жыл бұрын әлемдегі ең көне банк — Monte dei Paschi di Sienа құрылды. Италиядағы Сиена Республикасының Бас Кеңесі оны 1472 жылы 27 ақпанда ең аз бай азаматтарға төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беру үшін ашты. Айта кетейік, бұл банк әлі де бар және 2020 жылдың соңында оның 1418 филиалы ашылды. Банк 4 миллион жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетті.

Сіз қай банктің қызметіне көбірек жүгінесіз? 

☑️ 27 ақпан екі атақты тұлғаның туған күні. 91 жыл бұрын англо-американдық театр және кино актрисасы — Элизабет Тэйлор (1932 — 2011) дүниеге келді. Ол өзінің гүлденген кезінде «Голливуд ханшайымы» атанып, үш мәрте «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Элизабет — гонорар құны миллион долларды құрайтын әлемдегі алғашқы актрисалардың бірі болды. 

Сонымен қатар 84 жыл бұрын жапондық сәнгер және дизайнер, әйгілі Kenzo брендінің негізін қалаушы — Кензо Такада (1939-2020) дүниеге келді. Ол Парижде әлемге әйгілі болған алғашқы азиялық сәнгер. Оның стилінің ерекше элементі — жарқын графикалық баспаларды пайдалану. Сонымен қатар Kenzo бренді шығарған парфюмерия танымалдылыққа ие болды айналды.

Сізге қандай парфюмерия ұнайды?